Коронавирус • 11 Қараша, 2021
Қайта егу қарашаның ортасында басталады
Жұмыр жердегі жұрттың бәрі жұқпалы дертпен күресіп, жанталасып жатқаны белгілі. Әлемді әбігерге салған індет әртүрлі кейіпке еніп, құрылымы сан құбылып та үлгерді. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі ахуал да бір-біріне ұқсамайды. Бір қуантарлығы, еліміздегі жағдай тұрақталғаны байқалады. Оған дәлел, Үкімет отырысында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы үш айда науқастар саны 2,3 есеге азайғанын айтты.
Медицина • 03 Қараша, 2021
Отандық медицинаның отыз жылдағы олжасы
Бас ауырып, балтыр сыздаса баратын жер, қағатын есігіміз емхана екені белгілі. Қалаларда қарқынды дамып, ауыл мен аудандарда ауқымды іс атқарып жатқан медицина мекемелері, күрделі деген операцияның өзін күнделікті жасап жүрген дәрежелі дәрігерлерді көргенде мемлекеттің медициналық мәртебесі һәм дертті емдеу деңгейі көтерілгенін бірден байқауға болады. Бұрынғыдай шешімі жоқ екен деп шекара асып, шетелге жүгіретін емес, отандық мамандардың да біліктілігі артып, заманауи технологияларды терең меңгер- ген.
Елорда • 02 Қараша, 2021
Елордадағы «Хан Шатыр» СОО-дағы азаматтарды КВИ-ға қарсы вакциналауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар вакциналау бойынша өз қызметін осы жылдың 1 қарашасынан бастап аяқтайды.
Қоғам • 29 Қазан, 2021
Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды. Шара Ербол Ісләмұлын еске алу құрметіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қазан, 2021
Эпидемиялық жағдайдың тұрақталуы байқалады
Қазақстанда эпидемиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Экономика • 01 Қазан, 2021
Өңірлік операторлар көмірсіз қалмайды
Елімізде халықты делдалсыз «арзан» коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету үшін биржалық сауда-саттық жүйесі енгізілді. Бұл туралы «Жылыту маусымында халықты көмірмен қамтамасыз ету: қатты отынмен биржалық сауданың нәтижелері» тақырыбында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңыңда ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды.
Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2021
Індетке шалдыққан 962 науқастың жағдайы ауыр
Дөңгелек дүниені дүрліктірген індеттің шартарапты шарлап жүргеніне бір жарым жылдан асты. Елдің көбісі елең-алаң күй кешіп жүргені белгілі. Еті үйреніп еркінсіп кеткендер де баршылық. Ертеңін ойлап екпе алғандар да аз емес. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2021 жылғы 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда бірінші компонентпен 7 408 957 адам, екінші компонентпен 6 289 238 адам вакцина салдырды.
Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2021
Сырқаттану деңгейі төмендеп келеді
Дүниені дүр сілкіндірген індеттің із салғанына екі жылға жуықтады. Әлемнің кей бұрышы алаңсыз алаңдарға жиылып, қалыпты өмірмен қауышып үлгерді. Басқа бір аймақтары әлі де бетінен бетпердесін тастамай, сақтық шараларын сақтауға міндеттеліп отыр. Ал еліміздегі эпидемиялық жағдайды толық жақсарды деп айту ерте. Дегенмен тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеген.
Білім • 08 Қыркүйек, 2021
Жас мамандарды қолдау жалғасуда
Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына жолдама алған әрбір түлек төрт жыл аяқталған соң оқыған мамандығы бойынша оңтайлы жұмыс таба аламын ба деп ойланатыны анық. Тарам-тарам жолдардан таңдаған мамандығыңа қарай қызығып істейтін қызмет табыла қалса жақсы ғой. Әйтпесе жоғары білімі бар жастардың да жұмыс таппай жүргендері қаншама. Қаладан тәжірибе жинақтап, ауылға барған азаматтар да бар.
Президент • 06 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында Sarap эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистері талқыланды.