Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Экономика • 12 Ақпан, 2021

Саудада әділ бәсеке сақталса игі

ТМД елдері өзара сауда-экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа бірігіп, өңіраралық іскерлік белсенділікті дамытуға кіріскені мәлім. Алайда ұйым құрылғалы бері ортақ нарықты дамытуда біраз түйткілді мәселе туындап, кейбір мемлекеттердің мүдделері ескерусіз қалып жататыны белгілі.

Экология • 11 Ақпан, 2021

«Жасыл Қазақстан» ауаны ластанудан сақтайды

Экология, геология және табиғи ресурстар минис­трлігі «Жасыл Қазақстан» және су ресурс­тарын басқаруға байланысты екі ұлттық жобаны қолға алды.

Экономика • 11 Ақпан, 2021

Геологиялық барлауға тың көзқарас қажет

Минералдық-шикізат базасын нығайтуда геологиялық барлау жұмыстарының маңызы зор. Қазақстан пайдалы қазбалар (вольфрам, хром, уран, марганец, мырыш және қорғасын) қоры жағынан әлемде жетекші елдердің қатарында болғанымен жаңадан ашылған кен орындары жоқтың қасы. Осы тұрғыдан алғанда, жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізудің қаншалықты маңызды екенін бағамдай беруге болады.

Қоғам • 10 Ақпан, 2021

Бозжыра мәселесі: Табысымыз артқанымен, тынысымыз тарылмаса игі

Бозжыра шатқалының маңында салынуы тиіс қонақ үйдің жобасын экологтер мен қоғам белсенділері қатаң сынға алып, оның орындалуына қарсылық танытты. Таяуда аталған жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалауға байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып, қонақүй құрылысын жақтаушылар мен дат­таушылардың арасында қызу пікірталас өрбіді.

Экономика • 09 Ақпан, 2021

Келешекте шикізат тапшылығы байқалады

Геологиялық барлауға арналған инвестицияларды ынталандыру үдерісін қарқындатпаса, таяу 10-12 жылда елімізде алтын өндірісіне қажетті шикізат қалмауы мүмкін. Бұл туралы Бағалы металл өндірушілердің республикалық қауымдастығының өкілдері айтты.

Экономика • 08 Ақпан, 2021

Фермерлер мемлекеттік қолдаудан тыс қалды

Qoldau.kz платформасы­ның бірнеше қызметі шаруаларға қолжетімсіз болып тұр. Себебі бұл плат­форма мал шаруашы­лығының тізімі қамтылған мемлекеттік базамен бі­рік­тірілмеген.

Экология • 05 Ақпан, 2021

Тал кесу оңай, қалпына келтіру қиын

Қазақстанда ағашты заңсыз кесуді кәсіпке айналдырған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Бұрын табиғатқа зиян келтірген азаматтар айыппұл төлеп құтылып кетсе, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Орманды алқапта сирек кездесетін ағаш пен тал-теректі жаппай отайтындарды қандай жаза күтіп тұрғаны жайлы, сондай-ақ Мемлекет басшысының елімізде 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы қалай іске асырылып жатқаны туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков кеңінен тарқатты.

Экология • 04 Ақпан, 2021

Жаңа кодекстің артықшылығы түсіндірілді

Маңғыстау өңірі тұрғындарымен жүздескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа Экологиялық кодексті таныстырып, аталған құжаттың артықшылықтарын айтып берді.

Оқиға • 03 Ақпан, 2021

Ресейлік өнімдерден қауіпті бактериялар табылды

Қостанай облысының дүкендеріне түскен ресейлік өндірушілердің ет өнімдерінен қауіпті бактериялар табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық сараптама орталығы хабарлады.

Экономика • 03 Ақпан, 2021

Бағдарлама шынайы статистикаға тәуелді

Таяуда Дүниежүзілік банктің Қазақстанның экономикасына қатысты есебі жарияланып, онда биыл елімізде күнделікті табысы 5,5 долларға немесе 2,3 мың теңгеге жетер-жетпес азаматтардың үлесі 6%-дан 14%-ға дейін (1,5 млн адам) өсуі мүмкін деген болжам айтылды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының (бұрынғы Статистика комитеті) мәліметтеріне сүйенсек, былтырғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде кедейлік шегінде өмір сүретін азаматтардың саны 1 млн-нан асты.