Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Экономика • 14 Қаңтар, 2021

Электронды сауда экспорттаушылардың әлеуетін арттырды

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес былтыр Alibaba.com халықаралық интернет платформасына «Алтын тасымалдаушы» (Gold Supplier – компанияның Alibaba.com каталогінің ақылы мүшелігіне кіру) ретінде қосымша 50 компания таңдалды. Қазір бұл сауда алаңында 4 мыңнан астам қазақстандық тауар орналастырылған. Жауапты ведомство интернет-сауда желілерінде отандық тауар өндірушілерді сүйемелдеу бойынша толық қызмет спектрін ұсынып келеді.

Экономика • 13 Қаңтар, 2021

Табиғи ресурстарды игеруде ұқыптылық қажет

2020 жылдың соңғы айында Қазақстанда алғаш рет көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беретін онлайн аукцион өтті. Соның нәтижесінде ел қазынасы 61 млрд теңгеге толықты. Ал таяуда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің отырысында еліміз ақпан және наурыз айларында мұнайды өндіру көлемін тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейтін келісімге қол жеткізді.

Туризм • 13 Қаңтар, 2021

Экотуризмнің інжу-маржаны

Соңғы уақытта Маңғыстау өңіріне қатысты жаңалықтар жиілеп кеткені белгілі. Бұл бірінші кезекте мұнайлы өлкедегі қордаланған экологиялық проблемалар мен туризм саласындағы шешімін таппаған мәселелерге байланысты. Алайда қазір аталған өңірдің тұмса табиғатын көрем деушілердің қатары артып, экологиялық туризмді дамытуға бағытталған перспективалық жобалар қарастырылуда.

Қоғам • 12 Қаңтар, 2021

Жаңа кодекстің ерекшеліктері

Жануарларға қатыгездік көрсеткендердің 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Саясат • 12 Қаңтар, 2021

ШЫҰ байқаушылары оң бағалады

Елімізде өткен сайлауды бақылаған Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының өкілдері мәлімдеме жасап, тұтастай саяси шараны оң бағалады. Халықаралық ұйымның байқаушылар тобын ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу бастап келді.

Елбасы • 10 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев: Болашағымыз үшін дауыс береміз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы сайлаудың ерекшеліктері туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы • 10 Қаңтар, 2021

Елбасы: «Сайлау дауыс беріп, кетіп қалатын науқан емес»

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде өтіп жатқан сайлау туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы • 10 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Таным • 07 Қаңтар, 2021

Байқоңырдан Бәйтерекке дейін

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында ғарыш индустриясының алар орны ерекше. Уақыт жылжыған сайын аталған сала қарқын алып, бұл бағыттағы ізденістер адамзаттың алдына жаңа мақсат-міндеттерді айқындап берді. NASA, SpaceX, Blue Origin және Rocket Lab сынды әлемдік алпауыттармен жарыспаса да Қазақстан ғарыш саласындағы қадамдарын тоқтаусыз жүргізіп келеді.

Экология • 05 Қаңтар, 2021

Тылсым табиғат тамсандыра түседі

Әлбетте, жаһандық індет талай азаматтардың мірін жалмап, әлем елдері экономикасының шатқаяқтауына әсер етті. Алайда осы Lockdown, яғни оқшаулану кезеңі адамзаттың тұрмыстық салты мен тұтастай өмірлік кзқарасына түбегейлі згерістер енгізді. Әсіресе, бұл адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланысында анық байқалғаны рас. Коронавирус тіршілік иелерінің табиғаттағы мәдениетінің қандай деңгейде екенін, сондай-ақ экологиялық проблемалардың нақты өлшемін көрсетті. –––––