Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Бизнес • 18 Қазан, 2022

Бизнеске комплаенс-маман қажет

Астанада Экономикалық қауіп­сіздік және комплаенс мамандарына арналған форум ұйымдастырылып, онда заңгер­лер, комплаенс-офицер­лер, экономикалық және ақпарат­тық қауіпсіздік мамандары ком­плаенс-қызметтерді автоматтандыру, кадрларды қалыптастыру, санкциялық комплаенстің заңды және беделге нұқсан келтіретін тәуекелдерін қаузады.

Білім • 17 Қазан, 2022

Ұстаздарға әдістемелік қолдау

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» облыстық семинар-практикумы өткізіліп, екі күнге жалғасқан іс-шарада Абай облысы білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысып, білім берудің заманауи үрдісіне қанықты.

Қоғам • 17 Қазан, 2022

Қол жетпейтін «қолайлы орта»

Абай облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қордаланған мәселесі аз емес. Барлығына теңдей қо­лайлы ортаны қалыптастыруға байланысты ұсыныстар мен тілектерді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев тыңдап қайтты.

Экология • 11 Қазан, 2022

Тазалық бастамасы

Абай облысының жастары Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен қолға алынған EcoStudentKZ экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, Семейдің көрікті жерлерін тұрмыстық қалдықтан тазартты.

Аймақтар • 10 Қазан, 2022

Семейде жасөспірім қыз көпірден секірді

Абырой болғанда, құтқарушылар оны судан дер кезінде алып шығып, жанын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 09 Қазан, 2022

Кен өндірсек, кем болмаймыз

Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары кезінде өңірдің жер қойнауы бұрынғы Семей полигонының салдарынан жылдар бойы игерілмегеніне тоқталып, жауапты ведомстволарға облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Руханият • 02 Қазан, 2022

Әуезов және ұлт өркениеті

Күллі адамзатты бауырына балап, адамшылықты ту еткен ұлы ойшыл Абайдай алыпты жаһанға танытып, «Абай жолы» дара жол екенін айғақтаған ұлт мақтанышы, заңғар жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл – 125 жыл. Осыған байланысты кемеңгер тұлғаның туған жері Абай облысында мерекелік іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылды.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022

Ахметсафа мешіті

Семейдегі «Степной» кентінде жаңа мешіт халық игілігіне берілді. Оның ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Ғибадат орнына Ахметсафа қажының есімін беру ұйғарылды.

Бизнес • 30 Қыркүйек, 2022

Отандық кәсіпкер өгейдің күйін кешпесін десек...

Абай облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын азаматтардың барар жері, басар тауы қалмады. Неге десеңіз, кәсіпкерлер саланы жетік білмейтін, мемлекеттің ішінен «мемлекет» құрып алған жергілікті шенеуніктерден әбден мезі болып, не істерін білмей дал. «Ядролық сынақтарға біз жауапты емеспіз», деген өңірдің іскер ортасы осы күнге дейін өз қалталарынан экологиялық төлемдерді неліктен төлеп келе жатқандарын түсінбей отыр. Облыс кәсіпкерлері шетелдік инвесторларға жасалатын жағдай отандық бизнеске де көрсетілуі керек деп санайды.

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022

«Сергек» тәртіпке шақырады

Қазан айынан бастап Семейде «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қо­сылады. Осылайша, Абай облысының орталығындағы жол қозғалысының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау жеңілдей түспекші.