Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Автобустардың қызметі сын көтермейді

Семейде қоғамдық автобустардың қыз­меті сын көтермейтіні көпке мәлім. «Сем­авто­парк» кәсіпорны өкілдерімен кездескен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, әсіресе автобустардың жұмыс уақыты көңіл көншітпейтінін жеткізді.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Өңірді көркейтуге атсалысады

Абай облысының әкімі Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілімен кездесіп, өңірдегі бірлескен жобалардың жүзеге асыру барысын талқылады. Мәселен, қаржы институты Семейдегі сумен қамтамасыз ету жүйелері мен көше шамдарын жаңартуға, сондай-ақ Аягөздегі кәріз-тазарту жүйелерін жаңғыртуға септесіп келеді.

Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Ауыл мектептеріне қолдау

«Қазақстан халқына» қоры Абай облысындағы ауыл мектептерін заман талабына сай жа­рақ­­тандыруға жәр­дем­деседі. Бұл туралы аталған қордың бас­қарма төрағасының орын­­басары Ләззат Шың­ғысбаева айтты.

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Қоғамдық көлікке жарымай отыр

Елордада сағат кешкі 22.30-23.00 аралығында көшелерде қоғамдық автобустардың қатынап жүргенін байқауға болады. Сол себепті астаналықтарды жұмыстан кейін үйіне жете алмаймын-ау деген ой мазаламайды. Өкінішке қарай, семейліктердің мұндай сапалы тасымалдау қызметін көрмегеніне 10 жыл немесе одан да көп уақыт өткені жасырын емес. Демалыс күндері сағат 20.00-ден кейін қалалықтардың қалаған жеріне жетуі мұңға айналғалы қашан?!

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Ерліктері ескерусіз қалмады

Таяуда Ертісте батып бара жатқан адамды құтқарып қалған семейліктердің ерлігі ескерусіз қалмады. Атап айтқанда, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Алексей Штыкель бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті.

Экология • 26 Шілде, 2022

Семейдің ауасы зиян

Семей Өскемен немесе Қара­ғанды секілді өндірістік қала­лардың қатарына кірмейді әрі бұл шаһарда айтарлықтай қала құраушы кәсіпорын да жоқ. Бірақ соған қарамастан Абай облысы орталығының атмосферасында зиянды қалдық азаймай тұр.

Аймақтар • 26 Шілде, 2022

Abai IT-Valley – озық ойлардың ордасы

Семейде Abai IT-Valley технокластері ашылды. Мұнда IT саласының дарынды жастары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауы арқылы өздерінің тың жобаларын жүзеге асырады.

Аймақтар • 26 Шілде, 2022

Ұшақтарды тамызда қабылдайды

Үржар ауданындағы әуежайдың ұшып-қону жолағының жөндеу жұмыстары 95%-ға орындалды.

Қоғам • 25 Шілде, 2022

Бензин қоры таусылды

Абай облысында бензин қоры 16 күнге ғана жеткілікті. Осыған байланысты жергілікті билік мұнай өңдеу зауытынан жанар-жағармайды тасымалдауды қолға алды.

Аймақтар • 25 Шілде, 2022

Жолды жөндейтін жан бар ма?

«Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы сала­сын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті басқаны айтпа­ғанның өзінде Ақор­даға апаратын жолдың өзі жамау-жамау құрақ көрпе­ге ұқсайды. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп. Тен­дер­ді жыл са­йын бір­ді-екілі компания ғана ұтып алады. Мұндай жағ­­дай­­дың қайталанып келе жат­­қанына ондаған жыл бол­ды». Мемлекет басшы­сының Үкіметтің кеңейтілген оты­­рысында айт­қан осы бір сөз­де­рі автожол инфрақұры­лы­мындағы біраз мәселені аң­ғарт­қандай.