Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Қазақстан • 26 Тамыз, 2022

Бейбіт атом – қауіпсіз әрі таза энергия көзі

Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар болса, 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станцсасын салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар. Бұл мәліметтерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 30 маусымда өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында келтірген еді.

Медицина • 26 Тамыз, 2022

Ядролық медицина: Өмірді ұзартуда пайдасы көп

Былтыр Семейде Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл отандық денсаулық сақтау саласындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Оның артықшылығы – орталықтағы жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен мамандар түрлі ауыр дертті ерте анықтап, сапалы ем көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Технология • 24 Тамыз, 2022

Интернет де-юре бар, де-факто жоқ

Ұлттық коммуникация және цифрландыру қауымдастығының дерегіне сүйенсек, еліміздегі халықтың интернет байланысымен қамтылуы жөніндегі статистика көп жағдайда шындыққа жанаспайды. Мәселен, Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың 99,3%-ы интернетпен қамтамасыз етілгені туралы мәліметті тұрақты негізде айтып келеді. «Іс жүзінде жағдай түбегейлі басқаша», дейді қауымдастықтың басқарушы директоры Азамат Колов.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Халықаралық олимпиадада олжа салды

Семейдегі физика-математика бағытын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­сы Мұхаммадариф Сахмолдин IOI-2022 халық­аралық олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Туризм • 19 Тамыз, 2022

Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны

Тұмса табиғатымен, оның ішінде қарағайлы орманымен көрікті Бесқарағай ауданы туризмді дамытуға таптырмас жер. Мұнда Абай облысының інжу-маржаны саналатын Шошқалы көлі де орналасқан. Түрлі емге дәру болған шипалы көлдің маңынан инвесторлар емдік-сауықтыру кешенін салуды көздеп отыр.

Білім • 19 Тамыз, 2022

Балабақша ма, әлде мектеп пе?

Бесқарағайда мектеп оқушылары балабақшада оқып жүр. 2000 жылдардың басында аудан орталығындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектепте оқитын балалардың саны күрт көбейгендіктен амалсыздан оқушылардың жартысын ауылдағы балабақшаға көшіруге тура келген. Арада 20 жылдан артық уақыт өтсе де қарағайлы өңірдің халқы жаңа білім беру ғимаратына жарымай келеді.

Абай • 16 Тамыз, 2022

Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері

Семейде XXIII республикалық Абай оқулары байқауының жалауы желбіреді. Ұлы шайырдың мұрасын насихаттауға арналған байқауда елі­міздің үздік мектеп оқушылары шы­ғармашылық қарым-қабілеттерін таны­татын болады.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті

Ер адам екі жиенін ертіп, Ертіске балық аулауға барған. Бір кезде ұлдардың бірі суға бата бастағанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Қуатты өңір – мемлекет дамуының кепілі

Жасыратыны жоқ, Мемлекет басшысының Абай облысын құруға байланысты шешіміне күмәнмен қарағандар болды. Сыңаржақ пікірді ұстанғандар «бұл облыс та дотациялық өңірге айналады» деген сынды скептикалық көзқарастан айнымай келеді. Алайда киелі өңірде ұлттық экономиканың қоржынын толтырарлықтай перспективалы бағыттар бар. Осы өңірден шыққан іскер азаматтар жаңа облысқа инвестиция тартып, өндіріс орындарын ашуға дайын.

Таным • 15 Тамыз, 2022

Сақ дәуірінің ескерткіші

Абай облысының Аягөз ауданында сақ дәуіріне тиесілі ескерткіш табылды. Бозай ауылының маңында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырға тән, яғни ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық ескерткіші анықталды.