Қазақстан • 30 Наурыз, 2020
Отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды
Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығын орындау мақсатында Энергетика министрлігі наурыздың 25-де көмірсутекті жəне уран шикізатын барлау мен өндіру бағытында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, сондай-ақ қызметтерді сатып алу ережесіне өзгеріс енгізді. Аталған шешім отандық жер қойнауын пайдаланушыларды қолдауға бағытталған. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады
Әлем • 30 Наурыз, 2020
COVID-19: Жасанды интеллектің дəуірі
Қазір жалықпағанның барлығы коронавирусты талқылап, БАҚ беттерінде тек адам шошитындай деректер ғана келтірілуде. Рас, пандемияның таралу ауқымын айтудың өзі қорқынышты. Джон Хопкинс университетінің мəліметінше, жұқпалы індеттің ландшафты 180 мемлекеттен асып, сырқаттанғандардың саны 750 мың адамға тақады. Адамнан бөлек, ауыр диагнозға жаһандық экономикада дұшар болды. Мəселен, АҚШ-та бір күнде 3 миллиондай адам жұмыссыз қалды. Америкалықтар «Ұлы күйзеліс» кезеңінен бері Құрама штаттардың экономикасы мұндай соққыны көрмегенін айтады. Əлемнің қаржы-экономикалық архитектурасының шатқаяқтауына қарамастан, сарапшылар бұл мүмкіндіктер кезеңі деп санайды. Дəлірек айтқанда, жасанды интеллектінің қауқары сыналатын кезең.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
1414 call-орталығына 500 мыңнан астам қоңырау соғылды
Наурыздың 26 күні 1414 call-орталығы әдеттегіден 30 есе көп қоңырау қабылдады. Атап айтқанда, 1414 бірыңғай байланыс орталығына 598 423 рет қоңырау соғылған.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады?
Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Тəртіп сақшылары жатақханаға орналастырылды
700-ге жуық полиция қызметкері карантин кезеңінде Алматы қаласының жатақханаларына орналастырылды. Бұл туралы тиісті ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2020
175 тонна өнім ел аумағына кіргізілмеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына Ресей жəне Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.
Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
COVID-19: Вирустық геноцид жəне індеттің əлемдік демографияға əсері
БҰҰ-ның есебінше, былтыр əлем халқының ұзын саны 7, 7 млрд-қа жеткен-ді. Биыл бұл меже 7, 8 млрд-ты құрауы тиіс болатын. Алайда жаһанды жаулаған коронавирус демографиялық конъюнктураға түзетулер енгізді. Күн санап пандемияның географиясы кеңейіп, оның құрбандары артып барады. Жер ғаламшарындағы ресурстардың шектеулі екенін ескерсек, бұл құбылысты əлеуметтанушылар қалыпты жағдайға топшылап отыр. Əйтсе де демографтар жұқпалы індетке адамзатты тамырымен жоюға бағытталған вирустық геноцид деген баға берді.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
1414 операторының жұмысы күшейді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті. Енді бір мезетте 1 мыңнан аса абонент қажетті сұрақтарына кеңес ала алады.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан жəне Алматыда қызметкерлер жұмыстан босатылуда
«Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезінде бизнес өкілдері арасында арнайы сауалдама жүргізді. Оның нəтижесінде жұмыстан босатылған жəне қысқартылған қызметкерлер белгілі болды.
Қоғам • 24 Наурыз, 2020
Агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ өнеркəсібіне басымдық беріледі
Карантин кезінде импортты алмастырудың тетігі қандай? Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жолдары қаншалықты қарастырылған? Осы жəне басқа да өзекті сұрақтарға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов facebook-те тікелей эфир барысында жауап берді.