Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
Азық-түлік тауарларын экспорттауға шектеу енгізілді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салу туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы №103 бұйрығының қабылдауына байланысты экспорттаушыларға негізгі азық-түлік өнімдері тауарларының шығуы туралы сертификатты беруді тоқтатады.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2020
30 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер қашықтан жұмыс істеуге дайын
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Мемлекеттік техникалық қызмет және байланыс операторларымен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлерді ақпараттық жүйелерге, оның ішінде электронды пошта мен электронды құжат айналымына қашықтықтан қосу үшін тиісті техникалық шешімді іске асырды. Бұл мемлекеттік қызметкерлерге үйден шықпай, электронды құжат жүйесіндегі хат-хабармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2020
Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режимінің енгізілуіне орай кедендік тексерістер бойынша бірқатар қызмет тоқтатылғанын хабарлайды.
Бизнес • 20 Наурыз, 2020
«Атамекен» «Самұрық-Қазына» ұсынған əдісті қолдамайды
18 наурызда «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры кәсіпкерлерге Қордың сатып алуларына қатысу үшін сертификаттарды (СТ-KZ. Индустриялық сертификат) беру қажеттілігінің алып тасталғаны туралы хабарлады. Енді сатып алу науқанына қатысуға жергілікті әкімдіктер бекіткен отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын тізім жеткілікті. Алайда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қор ұсынған әдіспен түбегейлі келіспейді. Бұл туралы палатаның ресми сайтында жарияланды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2020
Шаруаларға 24 млрд теңге бөлінді
Агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстары және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен несие рәсімдеу мүмкіндігі берілді. Диқандарға жалпы сомасы 24 млрд теңге көлемінде несие бөлінді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы хабарлады.
Экономика • 20 Наурыз, 2020
«Қазатомөнеркәсіп» өндіріс көлемін 100%-ға арттырды
Ұлттық атом компаниясының есебінде, уран сегментіндегі қызметтің және сатудың барлық жылдық нәтижелері 2019 жылға арналған болжамға сәйкес келгені айтылды.
Экономика • 20 Наурыз, 2020
Теңгенің әлсіреуі шикізат нарығында байқалды
Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобындағы шоғырландырылған кіріс мөлшері 502,3 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке U3O8 (уран оксиді) нарығындағы спот бағаның өсуі (қолма-қол баға) және былтырғы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің әлсіреуі ықпалын тигізді. Бұл туралы ұлттық атом компаниясының қаржылық есебінде айтылған.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2020
Пандемияның уран өндірісіне әсері
Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан ауыр өндіріс орындары, фабрикалар, мегакорпорациялардың біразының жұмысы саябырлады, қалталы азаматтар миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе шикізат нарығында анық байқалып отыр. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшының бірі саналады. Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ таза табысы 50%-ға қысқарып, 213,7 млрд теңгені құрады. Бұған жаһандық індет ықпал етті ме, әлде отандық шикізатқа сұраныс азайып бара ма?
Қоғам • 17 Наурыз, 2020
Төтенше жағдайға қарамастан еліміздегі азық-түлік сауда орындары жұмысын тоқтатпайды. Алайда аталған нысандар санитарлық қауіпсіздік шараларын мейлінше күшейтуге тиіс. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді.
Қоғам • 11 Наурыз, 2020
Тастан түлкі табылар... (Аңшылық шаруашылығын дамытуды қайта қарау қажет)
Өркениетті елдерде аңшылық шаруашылығы әлдеқашан жолға қойылған. Айталық аңшылық туризм көркейген Канадада осы саладан жылма-жыл 12 млрд доллар табыс түсіп, соның 6 млрд доллары мемлекет қазынасына құйылады. Бұл сегмент арқылы «үйеңкі жапырақты» елде 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, табысын еселеп жүр.