Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019
«Олимптің» омақасуы – Заңсыз ойын ұйымдастырған букмекерлік кеңсенің жұмысы тоқтатылды
Қазақстандағы «Олимп» букмекерлік кеңсесі жұмысын тоқтатты. Аталған ұйым интернет арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл факті ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті мен прокуратура органдарының бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастауға түрткі болды. Анықталғандай, компания көлеңкелі бизнестен түскен ақшаны ел аумағынан тыс жерлерге аударып отырған.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019
Үлескерлер баспанасыз қалмайды
«Восточка» тұрғын үй кешені келер жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері аталған кешеннің үлескерлерімен өткен кездесуде айтты. Осы мақсатта компания 16 үйдің құрылысын аяқтауға 7,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлмек. Нысанды салу жаңа мердігерге тапсырылды. Ал сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғы күйінде қалады.
Технология • 03 Желтоқсан, 2019
Ғарыштың игілігін көре аламыз ба?
Былтыр ғарыш саласындағы инвестицияның жалпы айналымы 3 млрд доллардан асты. Бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен 30%-ға артық. Соңғы 30 жылда ғарыш жобаларын қаржыландыруға 20 млрд-қа жуық доллар жұмсалды. Мұндай дерек NASA ғарыш агенттігінің есебінде айтылған. Мамандар саланың қарқынды дамуын теле-радио коммуникациялық жүйелеріне сұраныстың артуы және цифрлы технологияларды дамытудағы жеке компаниялардың осы бағытқа тартылуымен байланыстырады.
Экономика • 20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.
Экономика • 20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.
Экономика • 19 Қараша, 2019
Ақтөбе инвестиция тартудан алда тұр
Ақтөбе облысы инвестиция тарту жағынан елімізде көш бастап тұр. Жыл соңына дейін 600 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғыдан қарағанда 5%-ға жоғары. Алайда өңірде аграрлық сектордың дамуы көңіл көншітпейді. Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығының аймақ экономикасына қосатын үлесі 5%-ға жетпейді. Мұндай статистиканы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты.
Экология • 14 Қараша, 2019
Экологияны қорғауға адалдық керек
«Адалдық алаңы». Дәл осындай атаумен бас шаһарда жобалық кеңсе өз жұмысын бастады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ашылған кеңсе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетіп, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және жоюға септеседі, дейді тиісті ведомство өкілдері.
Экономика • 14 Қараша, 2019
42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Биылғы 9 айда Батыс Қазақстанда 1,8 трлн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімі шығарылды. Бірінші жартыжылдықта жалпы аймақтық өнім 1,4 трлн теңгеге жетті, бұл көрсеткіш былтырғыдан 145 млн теңгеге жоғары. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аймақ әкімі Ғали Есқалиев айтты.
Қоғам • 11 Қараша, 2019
Пластиктен құтылар күн бар ма?
Былтыр елімізде қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 4,3 млн тоннадан асты. Оның 11,2%-ын немесе 481,6 мың тоннасын пластик қалдықтары құраған. «РОП Операторы» серіктестігінің дерегіне сәйкес, 2016 жылы пластикалық қаптаманың үлесі 283 387 тоннаға жетіп, қайта өңделген қалдықтың көрсеткіші небәрі 6 066 тонна шамасында болды. 2017 жылы бұл индекс 8 994 тонна деңгейінде байқалған еді.
Экономика • 08 Қараша, 2019
«ҚазАгроға» қатысты түбегейлі шешім қабылдау қажет. Бұл аталған құрылымды дәрменсіз басқарудың көрсеткіші. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес, «ҚазАгроның» шығыны 120 миллиард теңгеге жетті. Қаржыландырылған 672 жобаның 270-і немесе 40 пайызы жүзеге аспай қалған. Бұл жерде сұрақ қойып, пікір айтудың өзі артық. Компанияны батыл және жедел түрде реформалау қажет. Осы холдингті басқаруға шетелдік мамандарды тартуды ойластырған жөн». Президент Қ.Тоқаевтың бұл өткір сыны отандық қаржы институтындағы сеңнің қозғалуына түрткі болғандай.