Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Көктем, жаз айларында күн райының қайта-қайта құбылғаны диқандарға ауыр тиді. Қазір де егістік алқаптарындағы күзгі жиын-терім қиынға түсуде. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров республика бойынша 12,4 млн гектар алқапта егін орылғанын мәлімдеді. 2018 жылға қарағанда биыл өнім 15 пайыз аз жиналуы мүмкін. Бұл жағдай нанның қымбаттауына ықпал етуі ықтимал, деді ведомство өкілі.
Экология • 27 Қыркүйек, 2019
Айналамызды қоқысқа айналдырмайық
Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70%-ға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналуға шақ қалғанын білдірсе керек. Бірқатар дамушы елдерде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2019
Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп
Соңғы он жылда бас шаһарда шағын және орта бизнестің үлесі бес есеге өсіп, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25 мыңнан 130 мыңға жетті. Олардың өңірлік жалпы өнім индикаторы 58%-ды құрайды. Қазақстан бойынша бұл ең жоғары көрсеткіш. Мұндай статистикалық деректі елордалық кәсіпкерлердің VI конференциясында қала әкімі Алтай Көлгінов келтірді.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
4 мың отбасы баспанамен қамтылады
Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ көп балалы отбасылар үшін берілетін болады. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл жылына 6 мың отбасын әлеуметтік қолдаумен қамтуға мүмкіндік бермек. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау жолдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің отырысында пысықталды.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019
Жасыл экономика: Қазақстанның әлеуеті қандай?
«Жасыл» экономика – қазіргі жаһандық қаржы жүйесіндегі үрдістердің бірі. Бұл бағыттың дамуына әлемдік климаттың құбылуы түрткі болғаны белгілі. Тыңнан түрен салған салаға Қазақстан да қатыса бастады. Мәселен, «Астана» халықаралық қаржы орталығында әлемнің 26 елінен 250-дей компания жұмыс істеп келеді. Осы шетелдік ұйымдардың арасында «жасыл» экономикаға инвестиция салғандар баршылық.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Шамалған трагедиясы тағы бір проблеманың бар екенін көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні пойыз бен автобустың соқтығысуынан болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза болған адамның туыстарына көңіл айтты. «Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған темір жол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмыстары басталды», деп жазды Президент Туиттердегі парақшасында.
Экология • 12 Қыркүйек, 2019
Дүниенің әр түкпірінде ауыз суға зәру болып отырған халықтар аз емес. БҰҰ-ның ғалымдармен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес 2050 жылы әлемде 5,7 млрд адам су тапшылығын сезінуі мүмкін. Тіршілік нәрін тиімді пайдалану – адамзаттың бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің қатарында.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019
Биылғы жаз маусымында темір жол және әуе жолдары арқылы қатынаған қазақстандықтар билеттің қымбаттығына байланысты біраз қиындықтарға тап болғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы пікір білдіріп, тиісті ведомстволарға мәселені тездетіп реттеуге тапсырма берген еді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы брифинг өткізіп, жолаушылар тасымалы нарығындағы бүгінгі ахуалды түсіндірді.
Экономика • 06 Қыркүйек, 2019
Үшінші индустрияландыруға Қазақстан дайын ба?
Жасыратыны жоқ, еліміздің экономикасы шикізат ресурсына тәуелді. Осы тәуелділіктен арылту үшін мемлекет экономиканы әртараптандырудың қам-қарекетіне көшіп жатыр. Бұл тарапта индустрияландыру басым бағыт ретінде қолға алынды. Жаһандық экологияның конъюнктурасы қиындаған заманда өркендеудің балама жолына түсу заңдылық. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы биыл тәмамдалады. Осы аралықта белгіленген меже орындалды ма? Өңдеуші секторда ұпайымыз қаншалықты түгенделген? Көкейдегі сан сұраққа жауап табуға тырыстық.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, келер ұрпаққа жеткізген жөн. Осының амалын «Интергаз Орталық Азия» компаниясының жас мамандары қарастырып, аймақтарды көгілдір отынмен қамтуға байланысты тың ойларымен бөлісті. Мұндай мүмкіндік бас қалада ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы және бүгінгі энергия – болашақ үшін» III жастар слетінде берілді. Жас мамандар құрылтайы биылғы Жастар жылы аясында қолға алынғанын айта кеткен орынды.