Экономика • 14 Сәуір, 2020
Жаһандық рецессия: үлкен дауыл алдындағы тыныштық
«Адамзат мұндай қаржылық-экономикалық қиындыққа бұрын-соңды ұшырамаған. Біз «Ұлы күйзелістен» кейінгі ең қауіпті дағдарыспен бетпе-бет келуіміз мүмкін».
Әлем • 12 Сәуір, 2020
Бай-манаптардың дəулеті 408 млрд долларға қысқарды
Ақпан-наурыз айларында əлемдегі 100 бай адамның дəулеті 408 млрд долларға қысқарды. Мұндай статистикалық деректі шанхайлық Hurun Institute келтірді. Екі айдың өзінде коронавирустық пандемия қалталы азаматтарды миллиардтаған шығынға батырып, тығырыққа тіреді.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2020
Отандық туризмді қолдауға арналған жол картасына қол қойылды
Жол картасы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға, салаға мемлекеттік қолдау шаралары және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған. Жол картасына қол қою рәсімі COVID-19 вирусы пандемиясының өршуіне байланысты онлайн форматында өтті. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы хабарлайды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Кеншілер өңірінде геохимиялық зертхана іске қосылды
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 75-қадамын орындау мен «Қазгеология» АҚ-ның 2016-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Қарағанды да геохимиялық зертхана жұмысын бастады. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2020
Әлеуметтік жəрдемақыны алуға 2,5 млн өтініш түсті
6 сәуірде іске қосылған телеграм-боттардың көмегімен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жəрдемақыны алуға 800 154 өтініш берілді. Жалпы алғанда, барлық қолжетімді сервистер арқылы азаматтардан 2,5 млн өтініш келіп түскен. Бұл туралы Цифрлы даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі хабарлады.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2020
Отандық өнім Араб əмірліктеріне экспортталды
22 тонна ет (қой және сиыр еті) Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталды. Бұл туралы Сауда жəне интеграция министрлігі хабарлайды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2020
Зімбір һəм арақпен емделу - инфодемияның алғашқы белгілері
Басқасын қайдам, бірақ коронавирус шыққалы бері алып-сатарлардың қоржындары əжептəуір толғаны анық. Дəріханаларда бетперде мен антисептикке сұраныс артып, ұзын-сонар кезек пайда болды. Бетперде былай тұрсын, сауда орындарында халық зімбір тамырын жаппай сатып алуды бастады. «Артықшылығы сол, өсімдіктің бұл түрі жұқпалы вирусты өлтіріп, аурудан құлан таза айығуға септседі» деген қауесет ғаламторда желдей есті. Бұған иланбаған адам кемде-кем. Нəтижесінде аталған өсімдіктің бағасы екі-үш есеге шарықтап, қолдан жасалған қымбатшылық белден қысты. Ол аз болғандай, Иранда 200-дей адам алкагольдік ішімдіктен уланып, көз жұмды. Марқұм болғандар ащы су сырқатты емдеуге көмектеседі деп ойласа керек. Нақтысын айтқанда, жалған кеңес адамдарды сондай қадамға баруға итермеледі. Бұл жағдай ақпараттық қауіпсіздік мəселесінің маңыздылығын, сондай-ақ инфодемияның салдары қандай болатынын көрсетті.
Қаржы • 03 Сәуір, 2020
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін төмендетуге шешім қабылдады
Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің жылдық деңгейін 9,5%-ға дейін төмендетуді және пайыздық дәлізді +/- 2 пайыздық тармаққа дейін кеңейту туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады
Экономика • 03 Сәуір, 2020
«Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын қаржыландыру артты
Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мəслихатында Ұлттық экономика вице-министрлері Жасұлан Мәдиев пен Мәди Такиев айтты.
Экономика • 03 Сәуір, 2020
Украиналық іскер ортамен байланыс нығайды
Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атсалысуымен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков бейнебайланыс режимінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы палатаның ресми сайты хабарлайды.