Қазақстан • 27 Сәуір, 2020
Алюминий-скандий лигатурасының экспортына нөлдік баж белгіленді
27-ші сәуірден бастап Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 76-НҚ бұйрығына сәйкес алюминий-скандий лигатурасының экспортына нөлдік кеден баждары қолданылатын болады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
500 млн теңге көлеміндегі айыппұл мен төлемнен босатылды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдарымен байланысты айыппұлдар, алымдар мен төлемдерді алып тастағанын хабарлайды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының сайтында жарияланды.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2020
Жүйе құраушы кəсіпорындарды қолдау тетіктері қарастырылды
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жүйе құрушы кәсіпорындарға қолдау көрсету шаралары қарастырылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 24 Сәуір, 2020
Медицина қызметкерлері салық жүктемелерінен босатылды
Мемлекеттік кірістер комитеті медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік төлемдер мен салық төлеуден босатылғаны туралы хабарлады. Бұл шешім Үкіметтің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 20-шы сәуірдегі №224 қаулысын іске асыруға бағытталды.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2020
«Техникалық реттеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сауда және интеграция министрлігі «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2 заң жобасын әзірледі. Бұл туралы тиісті ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2020
Теміртаудағы өрттің шығу себебі түсіндірілді
Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ДК хабарламасына сəйкес, 21 сəуірде сағат 18:25 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БАС-та түтінтартқы бөлімінің шатыры өртенгенін хабарлады. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланды.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2020
Құрылыс секторы: Халық баспанасыз қалмай ма?
Биыл Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Осы арқылы əлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, аз қамтылған, сондай-ақ жастар санатындағы жəне бюджеттік салада қызмет ететін 32 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылмақ. Алайда наурызда енгізілген төтенше жағдай режімі экономиканың басым салаларына ауыр тиді. Шектеу шаралары əсіресе құрылыс секторын тұралатты. Бұл салада еңбек ететін отандастарымыздың саны шамамен 650-700 мыңның айналасында. Халықаралық сарапшылардың болжауынша, пандемиялық кезеңнен кейін жаһанның қаржы-экономикалық архитектурасын қалпына келтіру оңайға соқпайды.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Интернеттің сапасын əдейі нашарлатқан
Еуроодақ операторларының ықпалымен Netflix жəне Youtube сынды танымал хостингтер қызмет сапасын əдейін нашарлатқан. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бапасөз мəслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты.
Экономика • 15 Сәуір, 2020
Цифрлы әлемдегі тың мүмкіндіктер
Соңғы жылдары ұлттық экономиканы цифрландыру қарқын алды. Оның тың мүмкіндіктері еліміздің әлемдік аренадағы әлеуетін арттырып, лайықты орнын айқындайтыны даусыз. Тиісті мемлекеттік бағдарлама шеңберінде цифрландыру ұлттық экономиканың күре тамырына айналды, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді. Айталық былтыр «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы 8 мың жұмыс орны ашылды.
Әлем • 14 Сәуір, 2020
Бэнксидің жұмыстары 1,1 млн фунт стерлингке сатылды
Коронавирустық пандемияның əлемді қыспаққа алғанына қарамастан, өнер иелерінің табыстары еселенуде. Мəселен, Лондондағы Sotheby ' s аукционында əйгілі стрит-арт шебері Бэнксидің шығармашылық коллекциясы 1,1 млн фунт стерлингке сатылды. Бұл туралы Hypebeast порталы хабарлады.