Қазақстан • 23 Сәуір, 2020

«Техникалық реттеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

711 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сауда және интеграция министрлігі «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2 заң жобасын әзірледі. Бұл туралы тиісті ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Техникалық реттеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Заң жобаларының негізгі ережелері айқындалды:

1. Техникалық реттеу туралы ұлттық заңнаманы ЕАЭО нормативтік құқықтық базасымен үйлестіру.
2. Сәйкестікті бағалау рәсімдерінің анықтығын қамтамасыз ету және оларды жетілдіру.
3. Ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту арқылы өнімнің қауіпсіздігін, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
4. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру. 
5. Салалық нормативтік-құқықтық актілерде ынталандыру шараларын қолдану арқылы ерікті сертификаттауды дамыту  

Осы өзгерістерді қабылдау:    

- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы үшін жағдай жасауды;  

- ішкі нарықта айналымдағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бақылауды жетілдіруді;  

- сәйкестікті бағалау рәсімдерінің анықтығын қамтамасыз етуді;  

- техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберінде ұлттық заңнан жоғары тұрған заңнамалармен сәйкестендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ заң жобасында әкелінетін тауар үшін өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттемелерін арттыруға, өз дәлелдемелері негізінде немесе үшінші тараптың қатысуымен өз қауіпсіздігін декларациялау қағидатын бекітуге, жетекшілік ететін салалардағы техникалық реттеу және ЕАЭО құжаттары бойынша ұстанымдарды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңестердің мәртебесін арттыруға бағытталған түзетулердің үлкен блогы қарастырылған.

Заң жобаларын пысықтау барысында мүдделі мемлекеттік органдардан, сондай-ақ бизнес қоғамдастық өкілдерінен үш жүзден астам ұсыныстар мен ескертулер түсті.

Белсенді талқылау нәтижелері бойынша ескертулердің үштен екісі қабылданды. Заң жобалары түбегейлі қайта қаралып, айтарлықтай пысықталды.

Осыған байланысты 27 сәуірде сағат 15.00-де Министрлік Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастырудың бекітілген рәсімдері шеңберінде бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн режімде тыңдау өткізуді жоспарлауда.