Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы вакцинасы: Қазақстандық бизнес дауылға дайын ба?

Əлем постпандемиялық кезеңнің қам-қарекетіне кірісті. Дəлірек айтсақ, жаһан елдері жұқпалы індет салдарынан тұралаған экономиканы қалпына келтірудің амалдарын қолға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы кезекті мемлекеттік пакетті ұсынды. Бұл "қауіпсіздік көпшігі" дүниежүзілік рецессиядан шығынсыз өтуге септесе ме? Күрделі кезеңде отандық бизнесті қолдаудың мемлекеттік тетігі қаншалықты ойластырылған яки еліміздегі өнеркəсіп секторында қажетті барлық инфрақұрылым талапқа сай ма? Анықтап көрейік.

Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Табыс салығының үдемелі өлшемі қалай енгізіледі?

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалақы мен басқа да кіріс түрлеріне байланысты жеке кіріс салығының үдемелі өлшемін енгізудің уақыт келгенін айтқан еді. Осы ретте уәкілетті органдарға тиісті тапсырма беріліп, бұл мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев айтты.

Әлем • 11 Мамыр, 2020

Жұмысшылар қысқартылып, акционерлер байып жатыр

Америкалық компаниялар мыңдаған қызметкерін қысқартып, пандемия кезінде акционерлерге сыйақы беруді жалғастыруда. Карантин басталғалы бері Caterpillar компаниясының екі кәсіпорны мен құйма зауытында жұмыс тоқтатылды. Levi Strauss дүкендері де жабылып, Stanley Black & Decker құралдар өндіруші компаниясы қызметкерлерді жұмыстан босатуға мәжбүр. Steelcase кеңсе жиһаз өндірушісі және World Wrestling Entertainment де едәуір жұмысшыларын босатудан басқа амалдары жоқ.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Алтын бағасы аспандап тұр

Былтыр алтынның əлемдік өндірісі 3300 метрикалық тоннаны құрады. Мұндай дерек германиялық Statista онлайн-порталының есебінде келтірілген. Алайда Metals Focus консалтингтік компанияның болжамынша, COVID-19 пандемиясының салдарынан биылғы көрсеткіш 3,500 мың тоннаға да жетпеуі мүмкін. Дегенмен бағалы металдың жоғары құны шикізат өндірушілеріне жақсы табыс əкеледі деп топшылап отыр сарапшылар.

Қазақстан • 06 Мамыр, 2020

Тау-кен металлургия секторында өндіріс көлемі артты

Қазақстан - шикізат тауарларын және металл өндірісі бойынша әлемде жетекші орынға ие. Минералдардың таралуы, қоры және ресурстары елімізде пайдалы қазбаларды әзірлеу мен өндіруді кеңейтуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша салада көптеген көрсеткіштер бойынша өсім байқалды. Тау-металл кешенінде өндіру мен өнім көлемі жыл сайын артып келеді.  Өткен  жылы өндіріс көлемі арғы жылмен салыстырғанда 4,1 % артып, 4,8 трлн теңгеге жетті. Металл кендерін өндіру 3,7%, металлургия өнеркәсібі 4,1% өсті. Бұл туралы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтті

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қабылдауды көздеп отыр. Министрлік сатып алуларды өткізу мен жобаларды іске асыруды барынша ашық түрде жүргізуге ниетті. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Экономика • 01 Мамыр, 2020

Есептерді ұсыну мерзімі ұзартылды

Табиғи монополиялар жəне қоғамдық маңызды нарық субъектілерінің жекелеген түрлері бойынша 2019 жылдағы есептерін ұсыну мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Уран өндіру көлемі қысқаруы мүмкін

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ коронавирустық пандемияның компания қызметіне әсер етуіне байланысты жаңартылған ақпаратты хабарлады.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2020

Қызметкерлер ақысыз байланыс платформасымен қамтылды

«Қазақтелеком» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниясы QazCloud Cisco Systems компаниясымен бірлесіп, Cisco Meeting Server (CMS) әмбебап конференция платформасына елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуға мәжбүр болған компанияларды қолдау үшін ақысыз қызмет ұсынады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 29 Сәуір, 2020

Жаһандық дефолт: Тау-кен металлургия кешені қолдау күтеді

Тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасындағы басым салалардың бірі. Биыл бірінші тоқсандағы өсім былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5%-ға жоғары. Алайда əлемде қалыптасқан ахуал отандық өнеркəсіпке ауыр тиюі ғажап емес. Бұлай дейтініміз, мұнайдың арзандауы бағалы металдар нарығына да əсер етпей қоймады. Дəлірек айтқанда, маусымдағы алтынның фьючерсы 10,50 долларға немесе 0,61% — ға, яғни Трой унциясы 1 725,15 долларға дейін төмендеді. Өндірістік металдардың бағасы да көңіл көншітпейді. Сəуір-мамыр айларында сауда-саттық жоспарға сəйкес орындалса да жаз маусымынан бастап, нарық тоқырауға ұшырауы мүмкін. Сала мамандарының болжамы осыған саяды. Сол себепті ірі бизнеске мемлекеттің қолдауына иек артудан басқа амал жоқ.