Жасұлан Мәдиев елімізде төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жедел шаралар әзірленіп отырғанын, аталған жұмыс шеңберінде екі бағдарламаға сəйкес соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі біріздендірілгенін жеткізді. Енді аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 6%-тен аспайды.
«БЖК 2025» бағдарламасы бойынша бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін салалық шектеулер алынып тасталды.
Бір кәсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге артты (2,5 млрд. тенгеден).
Бағдарлама шеңберінде айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге артып, (60 млн. теңгеден) толтырылған түрде беріледі. Бұл ретте сауда қызметі субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге жетеді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жобаларды қаржыландыру үшін жалпы несиелеу көлемі 400 млрд теңгеге, яғни 1 трлн теңгеге артты. Бұл сомадан 700 млрд теңге АӨК қайта өңдеу мен өндіруге, 300 млрд теңге өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына бағытталады.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 100 млрд теңге көктемгі егіс жұмыстарына жіберіледі.
Мәди Такиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру жасалды. Ол сауда саласынан бастап, туристік бизнеске дейінгі экономиканың түрлі салаларын қамтиды.
Мәселен, жыл соңына дейін, мүлік салығынан мыналар босатылды:
- ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, тетарлар, көрмелер мен спорттық нысандар,
- қоғамдық тамақтандыру, қонақүй және туристік қызмет саласындағы салық төлеушілер.
Бұдан басқа, салық салудың жалпыға ортақы тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында мүйізді ірі қара мал және асыл тұқымды балапан өсіретін АӨК биологиялық активтер импортына ҚҚС салынбайды.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін салық төлемейді. Бір мезгілде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ҚҚС мөлшерлемесі 1 қазанға дейін 12%-тен 8%-ке азайтылды.
Салықтық әкімшіліендіру бойынша:
1. 2020 жылғы 1 маусымға дейін ШОБ субъектілері үшін барлық салықтар мен міндетті төлемдерді және бюджетке міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды төлеу мерзімі кейінге шегеріліп (ЖТС, әлеуметтік салық, жұмысшыға төленетін әлеуметтік және медициналық сақтандыру), салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулер мен қарыздарды мәжбүрлемелі өндіру тоқтатылады.бизнеске фискальдық қысымды төмендету мақсатында төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқталды.
«Сонымен бірге, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде, а.ж. 1 сәуірден 1 қазанға дейін, сауда нысандары, қоғамдық тамақтандыру орталықтары, қонақүй бизнесі, көлік және консультациялық қызметтер, ІТ секілді экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларын салықтан және еңбекақы төлеу қорының әлеуметтік төлемдерінен босатуды тапсырды, - деді Мәди Такиев.
Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия жеңілдіктер қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді.
«Жақын аралықта салықтан және ЕТҚ-ның басқа да төлемдерінен босатылатын барлық қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі.