Әдебиет • 25 Қаңтар, 2023
Ақынның тілімен айтқанда, жиырмасыншы ғасырдың басындағы қара орамалға айналған Қарағанды лагері жер-әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі тағдырды тоғыстырды. Алағай да бұлағай заманның зарын естіген, бұлқынған, күрескен, үзілген жүректердің жанайқайын тыңдаған, адам төзбес әділетсіздікке куә болған осы мекен. Содан кейін де қасіретті топырақ атанды.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2023
7 000 тарихи құжат елге жеткізілді
Ел астанасында Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет, архив, баспа ісі салаларына арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқалы жиынға Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, мәдениет саласының қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Өнер • 23 Қаңтар, 2023
Сурет өнерінде ұлттық тақырыпты жазатын авторлар көп болса да, әрқайсысының қаламы әртүрлі жыр айтады. Ұлттық деген нақыштың өзі суретшінің көзқарасында сан бояуда түрленіп, бөлек қалыпта тууы мүмкін. Кәсіби шебер, Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның шығармашылығында да туған жер – туған дала, біздің адамдар, біздің дәстүр, біздің тау өзінше бір мақаммен өріледі. Аты аталғанда «тұңғыш» сөзі қатар жүретін тұлға ой-қиялындағы ұлттық элементтерді тек таза кенеп бетінде қолданып қойған жоқ. Киносуретші атанып, қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін жасаған шеберге айналды.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023
Бәрімізге сүйікті жазушы Шыңғыс Айтматовтың бір кейіпкері – Исабеков секілді біз де бұл жазуды неден, қалай бастарымызды білмей ұзақ толғандық. Дүниенің азабы екен, қағаз бетін қызыл сөзге айналдыру бір сәрі, жазда жауған ақ жауындай жып-жылы сезімді, жо-жоқ, ынтыққан ыстық сезімді жеткізу қандай қиын. Бәлки, «Қызыл алманы» бірінші рет оқып, алғашқы әсермен тамсанып отырсақ, жөн екен дерсіз. Қырық бес рет парақтап, әр оқыған сайын ішің жылып, көңілің толқыса да қағазға бір тәуір сөз түсіре алмау – неткен сұмдық. Бар жан-тәніңді еліткен шығармадан бір үзік сыр айта алмай, осыншалық тұралайтын бұл қаламға да кейде күмәнданасың.
Өнер • 16 Қаңтар, 2023
Жылдың басы әр шығармашылық ұжым үшін тың жобалар мен жаңалықтардың жарқын бастауы іспеттес. Ел астанасының мәдени ошағы «Астана Опера» театрында да осы маусым бірқатар премьераға толы болды. Мәселен, Дж.Пуччинидің «Богема», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Р.Ребектің хореографиясында С.Прокофьевтің «Күлбике» қиял-ғажайып балеті, А.Аданның шытырман оқиғалы «Корсар» балеті мен Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдағы концерттер театр репертуарына ерекше серпін берді. Одан бөлек биылғы мерейтойлық маусымға орай гастрольдік сапарлар, «Жібек жолы» халықаралық опера және балет фестивалі мен Umai тұңғыш ұлттық сыйлығы театр тарихындағы айтулы оқиғалар тізбегінде қалды.
Руханият • 12 Қаңтар, 2023
Ел астанасының мәдениет ошағына айналған «Астана Опера» театры ұжымынан шығармашылық жаңалықтарды жиі естиміз. Мәселен, театр солисі Анастасия Заклинская мен театрдың балет труппасының әртісі Диас Құрманғазы 29 қаңтарда Беларусь Үлкен театрының сахнасында А.Аданның «Жизель» балетінде басты партияларда өнер көрсетеді. Дирижер тұғырында – маэстро Юрий Караваев (Беларусь).
Әдебиет • 12 Қаңтар, 2023
Мұғалім Толстой Сонау 1859 жылы Лев Толстой халыққа білім беруге бекініп, әйгілі Ясная Полянасында шаруа балаларына арнап мектеп ашты. Жазушы кез келген адамды ешбір мәжбүрлеусіз оқытуға болады деп санайтын. Оның білім беру жүйесінде ең ауыр жаза – сабаққа кіргізбеумен ғана шектелді. Толстой ақсақалдың мектебінде іргедегі ауылдардан қырық шақты бала оқыған. Мұнда оқу, әрине тегін: жасөспірім ұлдарға да, қыздарға да арналды. Білім ошағында Мәскеу мен Туланың семинаристері, тіпті графтың өзі де ұстаздық етті. Ол оқушыларды тату отбасына айналдыруға тырысатын. Ал мектепке келу ешкімге міндеттелмеді – сөйтсе де сабақтан қалушылар аз болған деседі. Оқу, тарих, математика пәндерінен бөлек ұсталыққа, ауылшаруашылық жұмыстарға да үйретті.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
«Балалар жазушысы» деген – жаңсақ түсінік
Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
Өнер • 28 Желтоқсан, 2022
«UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
Ел астанасында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер саласындағы үздіктерді іріктейтін «UMAI» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2022
Ел астанасында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын республикалық «Dala dauysy» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Мәдени мұраларды сақтау, қайта жаңғырту, сондай-ақ дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері бағытында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында өткен байқау бес аталым бойынша 16 сыйлықты қамтыды.