Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Өнер • 22 Қазан, 2022

DALA DAUYSY: Бақ шаба ма, бап шаба ма?

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі дәстүрлі, класси­калық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығар­малар мен олардың авторларын қолдау мақсатында DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялаған еді. Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын байқау негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақ­­шасында жазған болатын.

Қазақстан • 21 Қазан, 2022

Қазақ шығармаларын аудару қолға алынады

Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік баспалармен қазақ­стандық жазушылар мен ақындардың еңбектерін аудару және тарату бағытында келіссөздер жүргізуде. Қол жеткізілген уағда­ластықтар туралы Франкфурт халықаралық кітап жәр­меңкесі барысында белгілі болды. Оған аталған министрлік құра­мындағы Мұрағат істері және құжаттаманы басқару коми­тетінің төрағасы Қуат Бораш қатысты.

Өнер • 19 Қазан, 2022

Симфониямен сырласу

Жаңа маусым басталғалы бері еліміздің түкпір-түкпіріндегі мәдени ошақтар қызу шығармашылыққа кірісіп кетті. Жаңа маусым – тың жаңалық, соны леп. Күні кеше ғана елорда жұрты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасына барып, әуезді ән тыңдап қайтты. Симфониялық оркестр ұсынған «viva musica!» концерті XIX ғасырдағы шетелдік музыка жауһарларына арналды.

Өнер • 18 Қазан, 2022

89-маусым: Жаңа жоба, соны леп

Ұлт мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 89-маусымның шымылдығын ашып, көрерменімен қауышты. Жаңа маусымның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов бастаған өнер қайраткерлері мен қала жұртшылығы қатысты.

Руханият • 17 Қазан, 2022

Абайтануға қосылған сүбелі еңбек

Ел астанасында абайтану саласындағы тың жаңалық – «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбек таныс­тырылды. Жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық кітапхана және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» бірлесе ұйымдастырып отыр.

Өнер • 14 Қазан, 2022

Жетіген жырлайды

Жуырда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында қоңыр үнді әрі әуезді қазақтың көне аспабы – жетігенге арналған әдемі кеш өтті.

Әдебиет • 12 Қазан, 2022

Биғанымның перзенттері

Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Яғни адам барда жазу да бар. Асыл өнердің ләззаты да, мехнаты да сол жазуда жатыр. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ, шағын бір шығармасы болады. Бір қарағанда, өзі анау айтқандай классикаға да жатпайды: тілі де, өрілуі де, динамикасы да бірсарынды, баяу. Бірақ осындай белгісіз ортақол әңгімелерде көркемдік айшықтар көзге ұрып тұрмаса да бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездесіп жатады.

Елорда • 12 Қазан, 2022

Қасіретті жылдар дерегі

Ел астанасында кеңес кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырынан сыр шертетін құнды құжаттар мен заттар қойылған көрме ашылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтіп жатқан «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өткен ғасырдың 30-50-жылдардағы тарихи оқиғаларды ұмытпауды, ауыр трагедияның қайталануын болдырмау үшін жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етіп отыр.

Абай • 10 Қазан, 2022

Абайдың соңғы күндері

Жуырда қазақ киноөндірісіне тағы бір фильм қосылды. Жаңа туынды хакім Абай туралы. Жалпы, бұған дейін де ақын туралы бірнеше көркем һәм деректі фильм түсірілген. Бұл да сол данышпан Абайға қол созған кезекті тың туынды. Күні кеше ғана ел астанасында «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Ойшылдың ақырғы күндері туралы бір сериялы тарихи кино «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысымен түсіріліп отыр.

Әдебиет • 10 Қазан, 2022

Әдемі мұң

Сіздің ауылда шаң көшеде сұр есегін томпылдатып пошта таситын кішкентай күстана момын жан бар ма? Жоқ қой. Ергежейлілер әр ауылда бола бермейді – олар сандаған ғасырдың бір мезетінде сонау аңыз-әпсанаға толы белгісіз мекеннен тағдырдың тосыннан соққан желімен ғана келеді. Шынында, біз өмірімізде тура мағынасындағы кішкентай адамдарды көрмедік. Біз білетін ергежейлілер сол ертегілер мен мультфильмдердегі кейіпкерлер. Онда да сыртқы келбетін танығанымыз болмаса, жан дүниесіне бойламадық, жүрек сырын тыңдамадық, ішкі күйін сезінбедік. Біз «көрген», таныған, бауыр басқан, таңғалған, жақсы көрген, жан ашыған Далабайдың осы дүниедегі жалғыз досы, ергежейлі – жазушы Дүкенбай Досжанның Яғымусы еді (алдағы сөз қаламгердің «Ергежейлі» әңгімесі туралы).