Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
898 материал табылды

Өнер • 26 Ақпан, 2023

Француз әуендері

Ел астанасында қазақ музыкалық аспаптарының сүйе­мелдеуімен белгілі француз әндері мен француз мю­зикл­дерінің хит туындылары шырқалды. Әуезді кеш­тің авторы – «Қазақконцерт» солисі, әнші Гүлнәр Көшенова.

Руханият • 24 Ақпан, 2023

Димаш туралы дастан

Кез келген шығармашыл жанның жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр адамның әйтеуір бір жазары бар.

Жәдігер • 23 Ақпан, 2023

Мәриямның айнасы

«Мариям Жагор деген орыс қызы,Он алты, он жетіге келген кезі.Қазаққа Дудар деген ғашық болып,Сондағы Мариямның айтқан сөзі...»

Өнер • 22 Ақпан, 2023

Қолөнерге қолдау

Ел астанасында енді балалар ғана емес, сондай-ақ ересектер де театрлық қолөнерді үйрене алады. «Астана Опера» театрында киім үлгілеу мен ағашқа өрнек салу курстарына қабылдау басталмақ. Ниеттенген кез келген жанға жасына қарамастан театр қызметкерлері қатарындағы тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, айрықша дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.

Әдебиет • 21 Ақпан, 2023

Горький және біз

Өмірі аңызға айналмаған алып тұлғалар некен-саяқ. Әсіресе әдебиетте шебер суреткердің жарық сәулесі шекара асып, түу шалғайға дейін түседі. Мәселен, қазақ әдебиетіне Горькийдің тигізген әсері ұшан-теңіз. Ең алғаш Горькийді танып, оның орасан ұлылығын, өмірдің өзіне ұқсайтын қарапайымдылығын, ұсақ ұлт әдебиетінің өсуіне деген адал ойын ұға білген қаламгерлер болды.

Әдебиет • 17 Ақпан, 2023

Кофе және әдебиет 8

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, Гогольдің «Өлі жандар» шығармасындағы Чичиков есіңе түседі. Ол кітап оқуды сұмдық жақсы көреді. Оған не оқыса да бәрібір – көркем ойдан емес, адамның әріптерден сөз, сөздерден мәнді сөйлем құрауынан ләззат алатын. Бүгінде жаһандық мәселеге айналған «кітап оқымау» хақында сөз қозғай қалсақ, қоңыр әуенге ­салып, рухани құндылықтары құлдыраған қоғамға көңіліміз толмай, әсіресе жастарға кейістік білдіріп жатамыз.

Өнер • 16 Ақпан, 2023

Сұлулық рәмізі

«Астана Опера» балет труппасының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Кипрде өтіп жатқан Celebrity ballet gala гала-балетінде табысты өнер көрсетті. Әлемнің әйдік жұлдыздарының орындауы асқақ өнер мерекесінің сәнін келтірсе, қазақ бишісі кештің фавориті болды. Ол көрермендерді өзінің актерлік шеберлігімен, ерекше мәнерімен таңғалдырды.

Жәдігер • 16 Ақпан, 2023

Қайта оралған қобыз

Бұл қылқобыз бүгінде Ұлт­тық музейдің қорында тұр. Бір қарағанда көзіміз үйренген ұлттық аспап болғанымен, тарихы те­рең­де жатыр. Тіпті дәл осы мұражайға келу жо­лы да шытырманға толы. Қа­тар­дағы бір қобыз емес, Американы аралап кел­ген қобыз.

Өнер • 16 Ақпан, 2023

Өр дауысты суретші

Әр шығармашыл жан өз үнін, өз ой-пікірін, өз ұстанымын, қарсылығы мен бұлқынысын өнері арқылы жеткізеді. Әр идеясын талантымен шебер ұштастыра алатындардың бірі – суретші Сәуле Сүлейменова. Жуырда ел аста­насындағы «Pygmalion» галереясында ашылған суретшінің «Milestone» ­атты жеке көрмесіне барып, бұл ойымызға тағы да беки түстік.

Өнер • 15 Ақпан, 2023

Қазақконцерт: жоспар мен жоба

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алпыс жылдан астам тарихы бар «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова мекеменің жаңа ірі жобалары мен алдағы ауқымды концерттік іс-шаралар жоспарын ­баяндады. Өнер ордасының басты жаңалығы «Гүлдер» ансамблінің қайта жасақталуы болып отыр.