Өнер • 08 Ақпан, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі «Моцартиана» моноконцертін ұсынды. Әуезді кеш Аустрияның ұлы композиторы Вольфганг Амадей Моцарттың шығармаларына арналған.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2023
Өз заманынан озып туған, белгілі бір шеңберге сыймайтын таланттардың тағдыры аумалы-төкпелі қоғаммен тайталасып жатады. Мың дауыстың ішінде шындығын айтқан бір дауыс мәңгілікке ұласатындай зарлы шығады. Ал Крыловтың даусы шегіртке болып шырылдады, аң-құс болып қимылдады. Адамдардың әділетсіздігін, озбырлығын, қараңғылығын бақа-шаянның тілімен сөйлетті.
Театр • 06 Ақпан, 2023
Демалыс күндері «Астана Опера» сахнасында Гала-балет кеші зор табыспен өтті. Мәдени кештің негізгі қонақтары – «Супер әже» әлеуметтік жобасының қатысушылары әрі ұйымдастырушылары. Әжелерді «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова жасаған мазмұнды концерт бағдарламасы, сондай-ақ елордалық балет труппасы әртістерінің техникалық және әртістік шеберлігі таңғалдырды.
Әдебиет • 05 Ақпан, 2023
Кешегі аумалы-төкпелі заманда көптеген ақынның кей әндері мен өлеңдері авторсыз аталып, тіпті осы уақытқа дейін халық әні деп келдік. Сондай әннің бірі – «Қараторғай» еді. Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар. Біз бүгін «Құс болсаң, жібектен бау тағар едім, күмістен тұғырыңды жабар едім, бейіштің гүлжазира бақшасында, қолға алып, сылап-сипап бағар едім» деген нұсқасы туралы айтамыз.
Кино • 02 Ақпан, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген «Паралимпиадашы» фильмі Мумбайда (Үндістан) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.
Өнер • 01 Ақпан, 2023
Симфонияға барғанда... немесе маэстро Коки Гонгуй Янг не дейді?
Кеше кешқұрым симфония тыңдап қайттық. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті алашапқын тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
Өнер • 31 Қаңтар, 2023
Біз оны Бақтығұл деп танимыз. Әуезовтің «Қараш-қарашындағы» намысы биік, рухы өр Бақтығұл. Оның есімі аталғанда жадымызда жатталған сол бір сұлатып-құлатар көзқарасы елес береді: өткір, суық, терең. Ал «Қызыл алмада» оның мүлдем басқа қырын көрдік: аңғал, адал, нәзік. Ақиқатында, Сүйменқұл Чоқморовтың шын табиғаты бұдан алыс кетпесе керек-ті.
Өнер • 30 Қаңтар, 2023
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен симфониялық оркестр көрермендерді әлемдік және отандық музыка классикасының жарқын туындыларымен таныстыратын «VIVA MUSICA!» топтамасынан кезекті концерт ұсынды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2023
Шығармашылық жаратылысы шиыр-шиыр өнер адамы туралы бір пайымды сөз айту да қиын. Оның күрделі табиғаты, жазу машығы, шытырман қиялы ойыңды қағазға түсіртпей сан соқтырады. Мәселен белгілі суретші Вячеслав Люй-Коның картиналарына қарап отырып, екіұдай күй кешесің: өзге бір өркениеттің өрнектері көрінгендей болады, енді бір сәтте бағзыдағы жыраулардың қобыз сарыны еседі.
Өнер • 26 Қаңтар, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы есімін иеленген көрнекті композитордың шығармашылығынан «Таң самалы» сазды кешін ұсынды.