Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Кино • 25 Тамыз, 2022

Киноөндірістегі негізгі мәселелер талқыланды

Отандық киноөндірістің мәселесі қай уақытта да өзекті. Бәсекеге қабілетті һәм сұранысқа ие фильм түсіру бүгінгі қазақ киносының негізгі мақсаты болып отыр. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинорежиссерлермен кездесіп, «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту және кинематография саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын, сондай-ақ аталған саладағы бірқатар мәселені талқылады.

Әдебиет • 25 Тамыз, 2022

«Айбоз» әдеби сыйлығынан үміттілер көп

Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп. Атап айтсақ, бүгінде әдеби бәйгеге қатысушы 150-ден астам шығарма келіп түскен. Бұл туралы аталған сыйлық жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Өнер • 23 Тамыз, 2022

Ақ пен қара: Парадокс

Кейде картинаға қарап тұрып, эстетикалық ләззат аласың. Көркемдігінен – толқындай тоғысқан бояулардың үйлесімінен. Ал кей картинаға жаныңды тыныштандыру үшін, көз демалдыру үшін қарайсың. Одан бөлек, адамды терең ойға, түсініксіз бір мекенге жетелейтін суреттер де болады. Бір қарағанда, мағынасыз сияқты, бірақ тұңғиығына көзің жетпейді. Тұнған философия. Сондай өнер туындыларының бірі – Казимир Малевичтің «Қара шаршысы».

Өнер • 23 Тамыз, 2022

Жас өреннің жарқылы

Жас скрипкашы Әмина Арыс­танбек World Championships of Perfoming Arts (WCOPA, Лос-Анджелес) ауқым­ды амери­калық жо­бадан жүлдемен оралды. Он жастағы өнер­­паз вокал бағыты бойынша күміс, «Аспаптық өнер» ба­ғыты бойынша қола ме­дальды иеленіп қайтты.

Қоғам • 22 Тамыз, 2022

Жүз жылдық жара

Айтыла-айтыла мемлекеттік тілдің мұңы да «жылауық» жырға айналды. Бірақ нәтиже жоқ. Халық әлі де шенеуніктер, депутаттар қазақша сөйлесе, қарап отырып қуанады. Ал өзге этнос өкілі қазақ тілінде бірауыз сөз айтса, тіпті риза болады. Кез келген мемлекеттің аза­маты сол тілде сөйлесе, ол қалыпты жағ­дай емес пе? Оған неге таңғаламыз? Өз еліңде өз ұлтың өз тіліңде сөйлегеніне ішің жылу – қорашсынудың қай деңгейі?..

Өнер • 17 Тамыз, 2022

«Қылмыскер» қалам

Өнер – талант. Өнер – шеберлік. Өнер – талғам. Классикалық өлшемге сыймайтын өнер әлемінің тереңінде түрлі тағдыр, түрлі тарих, мың-сан аңыз жатыр. Тіпті кейде тылсым, таңғажайып оқиғалар да кездеседі. Бұл да мистика.

Кино • 17 Тамыз, 2022

«Көше ақынына» – сәттілік

Қазақстандық режиссер Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі Оңтүстік Кореядағы халықаралық кинофестивальге ұсынылды. Қысқаметражды кинотуынды Music film’s Landscape секциясында көрсетілмек.

Өнер • 17 Тамыз, 2022

«Жібек жолы» – теленұсқада

Жаз басында «Астана Балет» театры «Жібек жолы» балетінің премьерасын ұсынған еді. Зор қошеметпен өткен қойылымның теле­нұс­қасы осы айда отандық телеарналардан көрсетілмек. Жоба авторлары көрермен қауымды Ұлы Жібек жолымен саяхаттауға шақырады. Мұнда жібек Азия мен Еуропа өркениеттерін байланыстырушы символ ретін­де алынып отыр.

Әдебиет • 15 Тамыз, 2022

Оқу мен оқымау һәм талғам

Кітап оқу – талғамнан. Кім қандай шығарма оқыса да, оны қалай бағаласа да өз еркі. Талғамда әділет жоқ. Бір оқырман естен тана оқыған ортақол дүниенің көркемдік осалдығын қалай дәлелдейсің. Жазушының қаламы қай тұста әлсіреп, қай тұста қоюлана түскенін қалай түсіндіресің. Мұндайда бәрі «талғамға талас жоқ» деп дауласады. Дегенмен бұл ақталу әдебиетке, көркем өнерге өте ме? Жазуға да, оқуға да биік талғам керек дейтініміз де содан.

Өнер • 14 Тамыз, 2022

«Айқайдың» астары

Бұл картина өнерсүйер қауымға алғаш рет 1893 жылдың желтоқсанында Берлинде өткен көрмеде таныстырылды. Әрине, көрермен «Айқайды» түсінген жоқ, тіпті шошыды. Мунк шығармашылығы сынға ұшырап, ашуға булыққан халықты тоқтату үшін галерея басшысы полиция шақыруға мәжбүр болған деседі. Сонда бәрі жап-жас жігіттің осыншама қорқынышты суреттер жазатынын қабылдай алмады. Эдвард Мунктың бұл «біртүрлі» шығармасы экспрессионизм бағытына жасалған алғашқы қадам екенін де білген жоқ.