Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
898 материал табылды

Өнер • 28 Желтоқсан, 2022

«UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары

Ел астанасында биыл тұңғыш рет ұйымдас­тырылған өнер саласындағы үздіктерді іріктейтін «UMAI» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.

Оқиға • 23 Желтоқсан, 2022

«Dala dauysy» даралары

Ел астанасында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын рес­публикалық «Dala dauy­sy» шығармашылық бай­қауы­ның жеңімпаздары марапатталды. Мәдени мұра­лар­ды сақтау, қайта жаң­ғырту, сондай-ақ дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері бағытында жаңа туындыларды жарыққа шы­ғаратын авторларды қол­дау мақсатында өткен бай­қау бес аталым бойынша 16 сыйлықты қамтыды.

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы

Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халық­ара­лық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасам­па­з­дыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көр­месі ашылды.

Руханият • 21 Желтоқсан, 2022

Қазақ данасына арналған Ташкент көрмесі

Өзбекстанның бейнелеу өнері галереясында ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрме ашылды. Рухани іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Әзиз Әбдіхақымов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, «Жидебай-Бөрілі» Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шанбай, Бейнелеу өнері галереясының директоры Камола Акилова және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ Ташкент қала­сында Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Өнер • 20 Желтоқсан, 2022

Еуразия: өнері мен өрісі

Өткен апта аяулы Алматы шаһары мәдени мерекенің алтын ошағындай сезілді. Сонау 1998 жылы бастау алған Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін Алатаудың етегіне қайта оралды. XVI маусымын ашып отырған дүбірлі дода биыл да әзелгі мақсатынан айнымай, қазақ киносын өнер және жеке индустрия ретінде дамыту, жұртшылықтың киноға деген қызығушылығын арттыру, кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр.

Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022

Білгенге – маржан

Жазу туралы... Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. Әр ақын өзінің әйтеуір бір жақсы өлең жазатынына сенеді, әр жазушы қаламынан алда бір тәуір шығарма туатынын күтеді. Жазудың иесі жазушы болғандықтан, көркемсөз дегеніңіз ақ қағазға судай құйылмай ма дерсіз. Жазу – мехнат, жазу – азап, тіпті «тәтті тамұқ». Дегенмен автордың шығармашылық тынысына тек көркем туындысы ғана әсер ете ме? Олжас Сүлейменовтің ұстазы, атақты ақын Борис Слуцкий жас шәкіртіне: «Міне, көрдіңіз бе, мен мынандай шағын мүсіндер жинауға кірістім. Ақын адам жыр шумақтарын ғана жинастырумен шектелмей, дүниедегі барлық құбы­лысқа қызығушылық танытуы керек. Сіздің бір кезең қаламды суыт­қаныңыздан әлемдік поэзия қоңыл­тақсып қалмайды. Қайта, қолыңыз өлеңге сондай үзілістерден кейін жүре бастамақшы. Ал тек жазу-жазу деп бір нүктеге қадалып алсаңыз, шабытты тіксінтесіз. Ол зорлықты көтермейді», дейді. Сөз-ақ.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022

«Алтын тобылғы» байқауының салтанаты

Ел астанасында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Желтоқсан, 2022

Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлттың сапа деңгейін көтеруде Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі орасан. Рухани көсемнің ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерейтойы елдігімізді танытты. Таяуда Ұлттық музейде Алаш ардақтысына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.

Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2022

«Айбоз» дарабоздары анықталды

Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет шығармашыл жандарға арналған «Айбоз» ұлттық әдеби сый­лығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп болды. Десек те бақ шаба ма, бап шаба ма?..

Дәстүр • 05 Желтоқсан, 2022

Сахнада – салт-дәстүр

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Еркеғали Рах­ма­диев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық филар­мониясының Камералық хоры «Тал бесіктен – жер бесікке…» атты театрлан­дырылған қойылым ұсынған еді. Сах­налық туындыға деген ал­ғашқы әсер резонанс тудырып, жоғары бағаға ие болды. Сол қойылым араға жыл салып, күні кеше ғана «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атын­дағы камералық залында көрсетілді.