Өнер • 01 Қараша, 2022
Мың-сан бояудың толқыны есетін картинада бейнеленген пейзаж, портрет, образдан басқа көңіл күй де болады. Иә, суретшінің көңіл күйі. Мұны кейде автордың көзқарасы деп те жатамыз. Кез келген суретшінің шығармасынан кімде мұң көп, кімде шуақ көп, кім философиялық ойларға жиі барады – қолтаңбасы анық байқалады. Мәселен, француз суретшісі импрессионист Огюст Ренуарды өнертанушылар «бақыт суретшісі» дейді. Мына жарық әлемге ынтық Ренуар қолына қылқаламын алғанда ылғи реңді сәттерді, жақсы әсерлерді сездіруге тырысады.
Руханият • 01 Қараша, 2022
Астананың музыкалық өмірі ерекше джаз концертімен толықты. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында пианист Сергей Ким елордалық Үрлемелі аспаптар оркестрімен бірге «All the Jazz» концертін ұсынды.
Кино • 31 Қазан, 2022
Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Таяу Шығыс, Азия және Африка кино өндірісін қамтитын Meta Film Fest жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталған еді. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.
Қоғам • 31 Қазан, 2022
Ел астанасындағы өткен ауқымды іс-шара Жамбыл ақын: «Екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің, қазақ пенен қырғызым, нағашым мен жиенім» деп жырлаған бауырлас һәм бір туған қырғыз өнеріне арналды. Бірнеше күн бойы қырғыз мәдениетіне қанықтық: киносын көрдік, әнін тыңдадық, суретіне таңғалдық, биіне қол соқтық. Жалпы, сонау «Манастан» тамыр тартатын қырғыз өнерінің қай саласында да ғажап бір үйлесім бар. Шыңғыс Айтматов, Төлемүш Өкеев, Болат Шәмшиев, Сүйменқұл Чоқморов, басқа да қырғыздың таланттары әлемдік деңгейдегі өнер жасады. Бәлки, бұл да әйгілі «Манастың» күші шығар.
Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Қырғыз мәдениеті күндері басталды
Астанада Қырғыз Республикасының Мәдениет күндері өтіп жатыр. Күні кеше ғана қырғыз киносы күндерінің ашылуымен басталған мәдени іс-шаралар 29 қазанға дейін жалғасады.
Қоғам • 24 Қазан, 2022
Кітапханашылардың кәсіби мерекесі
24 қазан – Кітапханашылар күні. Жаңа кәсіби мерекені Үкімет жуырда ғана бекіткен еді. Кеше еліміздің 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекені атап өтті.
Өнер • 24 Қазан, 2022
Адамның бағы жанамын десе, бір-ақ сәт. Дәл осы уақытқа дейінгі ұзын-сонар өнер көшінде қаншама таланттың жұлдызы жарқырап, бір-ақ күнде аты әлемге жайылды десеңізші. Жалпы, дарынымен өз ортасында, өз елінде әйгілі болу бөлек, ал жаһандық дәрежеде өнеріңді мойындату мүлде басқа деңгей. Тіпті кей жағдайда өз қоғамында бейтаныс өнерлі жан әлемдік кеңістіктегі жетістігінен соң ғана елінде танылып, бағаланып жатады. Мәселен, бүгінде барша жұртшылыққа аса танымал музыкант Иманбек қалай «Грэммиді» алды – сол сәттен бастап жұлдызы жана түсті.
Қазақстан • 22 Қазан, 2022
Ұлттық ерекшелікті ұлықтаған көрме
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Көркемөнер академиясы» қоғамдық қорының 15 жылдығына орай Ұлттық музейдің бастамасы бойынша ұйымдастырылған «Ұлы дала сазы» көрмесіне барды.
Өнер • 22 Қазан, 2022
DALA DAUYSY: Бақ шаба ма, бап шаба ма?
Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен олардың авторларын қолдау мақсатында DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялаған еді. Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын байқау негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған болатын.
Қазақстан • 21 Қазан, 2022
Қазақ шығармаларын аудару қолға алынады
Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік баспалармен қазақстандық жазушылар мен ақындардың еңбектерін аудару және тарату бағытында келіссөздер жүргізуде. Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі барысында белгілі болды. Оған аталған министрлік құрамындағы Мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш қатысты.