Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Елорда • 31 Наурыз, 2022

Түрік шайы таныстырылды

Елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Түрік шайын таныту» іс-шарасын өткізді.

Қоғам • 31 Наурыз, 2022

Балалар ән салып, би биледі

Балалар жылында республикада түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, күні кеше ғана «Астана Опера» музыкатанушыларының шығармашылық тобы ұйымдастырған «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалі аяқталды. Аталған жоба 5-15 жастағы балаларға арналды.

Қоғам • 20 Наурыз, 2022

Балалар жылынан не күтеміз?

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни бала тәрбиесі мемлекет идеологиясының маңызды бір саласы іспеттес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауының да түп-төркіні осында жатыр. Жастарды қолдауға айрықша көңіл бөлінетін Барыс жылында не жоспарланып, қандай істер атқарылмақ?

Өнер • 15 Наурыз, 2022

Кремль сарайында өнер көрсетті

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен театр солисі Анастасия Заклинская «Андрис Лиепа 6:0» әлем балет жұлдыздарының мерей­тойлық гала-концертінде өнер көрсетті. Бақтияр Адам­жан­ның гастрольдік туры Но­во­сібір опера және балет театры­ның сахнасында қо­йы­лым­дарға қатысуымен жал­ғасты.

Руханият • 14 Наурыз, 2022

Таңғалмасқа таңғалу

Ақиқатында, адам жанды картинаға, жақсы өлеңге, тәуір шығармаға һәм сұлу­лыққа таңғалады. Көркем дүниені таңғала тамашалап, қызығу, бағалау – заңдылық. Шын өнерге тамсану да талғамға байланысты, әрине. Адамның ойын да, көзқарасын да, қағидасын да талғам өзгертсе керек. Яғни жан қалауы, ішкі сын – талғам дең­гейі сіздің өмір сүруіңізге де ықпал етеді. Сондықтан да талғам әрқашан биік, кірпияз... Тіпті адамның адамнан ар­тықшылығы да сол талғам деңгейіне байланысты дейміз. Ол «кешкі асқа балық жеймін» деген сөзбен ғана өлшенбейді: талғам одан да үлкен, одан да терең кеңіс­тіктегі ұғым. Алайда уақыт өте келе жақ­сыға таңғалудың жө­ні мен жосығы да өзгереді екен. Ол да талғамнан.

Руханият • 13 Наурыз, 2022

Сіз білесіз бе?

Жазу туралы... Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ. Әр ақын өзінің әйтеуір бір жақсы өлең жазатынына сенеді, әр жа­зушы қаламынан алда бір жақ­сы шығарма туатынын кү­те­ді. Жазудың иесі жазушы бол­ған­дықтан, көркем сөз деге­ніңіз ақ қағазға судай құйыл­май ма дерсіз. Жазу – мехнат, жазу – азап, тіпті «тәтті тозақ». Бұған классикалық шығар­ма­лар жазып қалдырған талай автордың сөзі, шығармасы, өмір жолы дәлел. Иә, ардың ісіне баланған әдебиетте жақсы жазу тек талантқа байланысты емес. Ақиқатында, қаламгердің жазуы­на оның шеберлігінен бөлек болмысы, мінезі, тәртібі, тұрмыс жағдайы, күн режімі, тіпті көңіл күйі де әсер етсе керек. Әлқисса.

Өнер • 10 Наурыз, 2022

«Ғажайып әлем»

Нұр-Сұлтан қаласы №1 Ба­лалар музыка мектебінің үлкен «Эс­традалық вокал» бөлімінің 2-сы­нып оқушысы Айзада Аманжол­қызының «Ғажайып әлем» респуб­ликалық олимпиа­дасында үздік деп танылып, үздік балалар ертегілер топтамасына енген «Айзаданың ғажайып әлемі» ертегісі желісі бойынша М.Дәулетбақ атындағы балалар театры оқу­шы­ларының қа­тысуымен «Айзаданың ға­жайып әлемі» атты мюзикл-ертегі премье­расы өтті.

Руханият • 10 Наурыз, 2022

Сіз күткен көктем

Ақын Гүлнар Салықбай бір сұхбатында: «Өмір тек күту­ден тұрады», дейді. Бәлки, пессимистік көзқарас, бәлки, шындық.

Қоғам • 04 Наурыз, 2022

Балаларға базарлық

Жуырда Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрын­да «Әгугәй мен Игигәй» музыкалық ертегісінің премьерасы өткен еді. Биылғы «Балалар жылы» аясында ұсынылған қойылым режиссері әрі инсценировка авторы – Нұржан Тұтов.

Руханият • 03 Наурыз, 2022

Әуе толқынында – «Абай жолы»

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында Қазақ радиосының әуе толқынынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі.