Өнер • 23 Тамыз, 2022
Кейде картинаға қарап тұрып, эстетикалық ләззат аласың. Көркемдігінен – толқындай тоғысқан бояулардың үйлесімінен. Ал кей картинаға жаныңды тыныштандыру үшін, көз демалдыру үшін қарайсың. Одан бөлек, адамды терең ойға, түсініксіз бір мекенге жетелейтін суреттер де болады. Бір қарағанда, мағынасыз сияқты, бірақ тұңғиығына көзің жетпейді. Тұнған философия. Сондай өнер туындыларының бірі – Казимир Малевичтің «Қара шаршысы».
Өнер • 23 Тамыз, 2022
Жас скрипкашы Әмина Арыстанбек World Championships of Perfoming Arts (WCOPA, Лос-Анджелес) ауқымды америкалық жобадан жүлдемен оралды. Он жастағы өнерпаз вокал бағыты бойынша күміс, «Аспаптық өнер» бағыты бойынша қола медальды иеленіп қайтты.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Айтыла-айтыла мемлекеттік тілдің мұңы да «жылауық» жырға айналды. Бірақ нәтиже жоқ. Халық әлі де шенеуніктер, депутаттар қазақша сөйлесе, қарап отырып қуанады. Ал өзге этнос өкілі қазақ тілінде бірауыз сөз айтса, тіпті риза болады. Кез келген мемлекеттің азаматы сол тілде сөйлесе, ол қалыпты жағдай емес пе? Оған неге таңғаламыз? Өз еліңде өз ұлтың өз тіліңде сөйлегеніне ішің жылу – қорашсынудың қай деңгейі?..
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Өнер – талант. Өнер – шеберлік. Өнер – талғам. Классикалық өлшемге сыймайтын өнер әлемінің тереңінде түрлі тағдыр, түрлі тарих, мың-сан аңыз жатыр. Тіпті кейде тылсым, таңғажайып оқиғалар да кездеседі. Бұл да мистика.
Кино • 17 Тамыз, 2022
Қазақстандық режиссер Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі Оңтүстік Кореядағы халықаралық кинофестивальге ұсынылды. Қысқаметражды кинотуынды Music film’s Landscape секциясында көрсетілмек.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Жаз басында «Астана Балет» театры «Жібек жолы» балетінің премьерасын ұсынған еді. Зор қошеметпен өткен қойылымның теленұсқасы осы айда отандық телеарналардан көрсетілмек. Жоба авторлары көрермен қауымды Ұлы Жібек жолымен саяхаттауға шақырады. Мұнда жібек Азия мен Еуропа өркениеттерін байланыстырушы символ ретінде алынып отыр.
Әдебиет • 15 Тамыз, 2022
Кітап оқу – талғамнан. Кім қандай шығарма оқыса да, оны қалай бағаласа да өз еркі. Талғамда әділет жоқ. Бір оқырман естен тана оқыған ортақол дүниенің көркемдік осалдығын қалай дәлелдейсің. Жазушының қаламы қай тұста әлсіреп, қай тұста қоюлана түскенін қалай түсіндіресің. Мұндайда бәрі «талғамға талас жоқ» деп дауласады. Дегенмен бұл ақталу әдебиетке, көркем өнерге өте ме? Жазуға да, оқуға да биік талғам керек дейтініміз де содан.
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Бұл картина өнерсүйер қауымға алғаш рет 1893 жылдың желтоқсанында Берлинде өткен көрмеде таныстырылды. Әрине, көрермен «Айқайды» түсінген жоқ, тіпті шошыды. Мунк шығармашылығы сынға ұшырап, ашуға булыққан халықты тоқтату үшін галерея басшысы полиция шақыруға мәжбүр болған деседі. Сонда бәрі жап-жас жігіттің осыншама қорқынышты суреттер жазатынын қабылдай алмады. Эдвард Мунктың бұл «біртүрлі» шығармасы экспрессионизм бағытына жасалған алғашқы қадам екенін де білген жоқ.
Абай • 11 Тамыз, 2022
«Абай күні» мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде өз деңгейінде атап өтілді. Ақынның туған күніне орай ел астанасында да бірқатар мәдени іс-шара болды. Рухани мереке елордалық зиялы қауымның Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.
Өнер • 10 Тамыз, 2022
Орыс даласының сонау бір түкпірінде ескі шіркеудің қоңырау мұнарасы тұр. Сұп-сұр мекен. Жалаңаш тал. Құлаған үй. Тасыған өзен – еріген қар. Жылы жақтардан ұшып келген қарғалар шуылдасып ұя салып жүр. Қарқ-қарқ.