Әдебиет • 09 Тамыз, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып өлең оқығың келеді. Көңіл күй үшін, эстетикалық ләззат алу үшін. Жақсы өлең оқу да өмірдің бір рахаты. Өлеңсүйер оқырманның көбі лириканы жақсы көреді. Өйткені лирика – мөлдір өлең. Адамның ойы да бір кітапхана сияқты ғой – өлеңді аңсағанда әр ақынның есте қалған шумақтары таудан түскен бұлақтай көмейіңе келіп құйылады. Сонда әдебиеттің, ақындықтың, өлеңнің құдіретіне таңғаласың. Жақсы шығарманың адам ғұмырынан ұзақ жасауының өзі өнердің өмірден биік екенін көрсететіндей.
Кино • 08 Тамыз, 2022
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Көктемде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткен еді. Оған бірқатар мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Жазушылар одағы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығы, тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысқан болатын. Жазушы мерейтойын атап өту жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 86 іс-шара бекітілді. Соның ішінде Әуезовтің аяулы шығармасы –«Қилы заман» повесінің желісімен телесериал түсіру бастамасы да бар-тын. Фильмді кім түсіреді? Түсірілім жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жалпы, қазіргі қазақ киносы әдеби туындыларды экрандауға дайын ба? Зерттеп көрдік.
Әдебиет • 04 Тамыз, 2022
Бір адамның ғұмырын аңызға айналдыруға кейде өнердің де күші жетпейтін сияқты көрінеді. Әйтпесе алып теңіздей өнер айдынында осыған дейін талай талантты жанның ізі қалды – бірақ, бәрі бірдей аңыз-ғұмыр кеше алған жоқ.
Руханият • 03 Тамыз, 2022
Асқан талант адамды шексіз бақытқа бөлейді дейміз. Өнер сол жүректің жұлдызын жағады, атақ-абырой, ақша, мақтау мен мадақ, жақсы сөз, жарқын сәттер сыйлайды. Алайда талантты жанның бәріне бұл бақыт бұйырмайды екен. Өмір әділетсіз емес пе...
Қазақстан • 02 Тамыз, 2022
Мерейтой мезіреттері: Жоспарлар орындала ма?
Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шаралар һәм соңы дауға қалған ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», деп кесіп айтқан еді. Биыл да көптеген ақын-жазушының мерейтойын атап өту жоспарланып, тіпті басталып та кетті. Ахаң, Ғабиден, Ғабит, Әзілхан, Зейін, Жұмағали, Сырбай, Сафуан... Осы ретте заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Былтыр газет бетінде мәселе қылып көтерген Әуезовтің музей-үйі күрделі жөндеуден өтті ме? Зерттеп көрдік.
Өнер • 02 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың болашағына аса мән беріп, осы жылды балаларға арнады. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», деген еді Президент. Осы орайда әсіресе мәдениет саласында балаларға қандай игіліктер жасалып жатыр? Театрлардың бәрі демалысқа кетіп жатқан дәл қазіргі уақытта жұмысын тоқтатпаған қуыршақ театрлары балаларға не ұсынуда? Әлқисса.
Әдебиет • 01 Тамыз, 2022
Иә, Толстойды түсіну қиын. Бәлки, ой биігіміз жетпейді. Бәлки, ол басқа ғаламшарда өмір сүрген. Толстой ақсақалды түсінбейтініміз сол, жазушы өзінің жұлдызды шығармалары – «Соғыс және бейбітшілік» пен «Анна Каренинаны» аса менсінбейді. Немқұрайды қарайды. Бұл ойын, тіпті қырық жылдан кейін де өзгерткен жоқ. Мәселен, 1871 жылдың қаңтарында Фетке жазған хатында: «Енді «Соғыс» тәрізді мылжыңға толы дүние жазбайтыным үшін сондай бақыттымын», дейді. «Мылжың» екен.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Ол жақсы ұстаз болды. Тұтас бір толқын тәрбиеледі. Фризеннің шеберханасынан шыққан суретшілердің әрқайсысы бөлек әлем – түрлі стиль. Жалпы, шығармашыл жандардың көбісінде ұстаздық қасиет бола бермейді. Өзгенің талантын байқау, шыңдау, дәл өзің сияқты тәрбиелеуге тырыспау, өзіңе ұқсатпау, өз бояуымен таныту, өзінің қаламына еркіндік беру, тынысын ашу – нағыз ұстаздың ісі. Содан болар Қарағанды жұрты Фризенді, ең алдымен ұстаз деп таниды.
Әдебиет • 24 Шілде, 2022
Оқырманға бәрі қызық. Ақын-жазушылардың шығармашылығынан бөлек жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі, бәрі-бәрі. Жалпы, сөз өнерінде жүргендердің ләззаты да, азабы да жазу. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты дейміз. Ол да рас шығар. Дегенмен автордың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық. Әлқисса.
Кино • 21 Шілде, 2022
Талантты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі 28 шілдеден бастап прокатқа шығады. Кинокартинаның бас продюсері – Тимур Бекмамбетов.