Өнер • 21 Шілде, 2022
Өнерде шекара жоқ. Музыка да солай. Ұлтқа, тілге, дінге, ұстанымдар мен көзқарастарға бөлінбейді – тек талантты таңдайды. Адам да талғамайды. Жақсы әуенге тек жүрек керек. Нәзік сезімдердің нотаға түсіп, әуелей аспанға көтерілгенін тек есту керек. Жан-дүниеңді еліткен сол әуез жоғарылаған сайын өзің де бір толқып, бір түсіп, бір суып, бір ысып отырасың. Музыканың құдіреті де осы.
Кино • 20 Шілде, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салқыны әр салада бізге де тиіп жатыр. Біршама уақыт бұрын көрші мемлекетке салынған санкциялардан кейін Қазақстан кинотеатрларында Голливуд фильмдері көрсетілмей қалуы мүмкін деген күмән күшейген еді. Кинонарықтағы өнімдердің 70-80 пайызы ресейлік дәлізбен келетіндіктен, бұл, әрине, көрермен мен отандық дистрибьюторларды алаңдататын жағдай. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі киноөндірісті дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
Тарих • 18 Шілде, 2022
Адамзат тарихында түрлі оқиға болды: соғыс, бейбітшілік, ашаршылық, құлау, қайта құру, Ғарышқа ұшу, Нобель, қуғындау, ату, ақтау... Бұның бәрі айтылып, жазылып, белгілі бір деңгейде зерттеліп жатыр. Әр қоғамның өз шындығы, өз әділетсіздігі бар. Сол әділетсіздіктердің бір куәсі – Қарлаг мекені.
Өнер • 18 Шілде, 2022
Ұлттық музейде Қазақстан мен Мажарстан мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай, Мажарстан өнер академиясының мүшесі, графика суретшісі, аниматор, жазушы, Кошут атындағы ұлттық сыйлықтың лауреаты Иштван Оростың «Суретке салынған уақыт» атты көрмесі ашылды.
Өнер • 13 Шілде, 2022
«Қазақанимация» жақсы жаңалықтың бастауы болса
Әлемдік киноөндірісте анимациялық фильмдер жасауға жүздеген миллион доллар жұмсалады. Нарықта табысты тауарға айналған мультфильмдер өз шығынын аз уақытта әлденеше есе артығымен ақтайды. Өйткені сұраныс та, сапа да, бәсеке де бар. Иә, анимациялық туындылар балаларды қызықтырып, уақытын өткізетін һәм танымдық тұрғыда жетілдіретін тәрбиелік құрал ғана емес, нарыққа шығатын көркем тауар сынды.
Әдебиет • 13 Шілде, 2022
Өнер • 12 Шілде, 2022
Ыстамбұл қаласында 23 маусым мен 3 шілде аралығында түркі суретшілерінің көрмесі өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінен суретшілер қатысты.
Өнер • 11 Шілде, 2022
Сұлулыққа бәріміз құштармыз. Әдемі картинаға да сан түрлі бояулардың үйлесімін көру үшін қараймыз. Суретшінің талантынан туған бояулар толқыны көңілге бір жылылық сыйлайтындай елегзиміз. Қарап тұрып өз әнімізді тыңдағымыз келеді. Дыбыссыз музыкаға қимылсыз билегіміз келеді. Бәрі эстетикалық ләззат алу үшін. Дегенмен картина тек әсемдіктен тұрмайтыны тағы анық. Кез келген көркем туынды сол уақыттың, сол қоғамның тынысын суреттейді. Астарында қандай да бір ой, сыр, шындық, көзқарас жатады. Ол тіпті құпия болуы да мүмкін.
Театр • 06 Шілде, 2022
Кез келген өнер тыңдаушысымен, оқушысымен, көрерменімен қымбат. Театр да солай. Естеріңізде болса, аз уақыт бұрын «Астана Опера» театры көрерменмен етене жақын араласуға һәм шығармашылық орта құруға бағытталған арнайы «Достар клубы» жобасын бастаған еді. Бүгінде театр қабырғасындағы тың жобаға қызығушылар мен қатысушылар көбейіп келеді. Әсіресе елорда тұрғындары аса белсенді. Сондай-ақ көрерменге театр тынысынан хабар беретін игі жобаны дамытуға, қолдауға дайын компания өкілдері, оның ішінде шетелдіктер де қосылуда.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Арқаның төсінен бой көтерген жаңа қала, жаңа астана ұлт руханиятында да жаңа бір толқын қалыптастырды. Оған бүгінде елордада тұратын Жазушылар одағының 150-ден астам мүшесі дәлел бола алады. Кейінгі отыз жылдағы бас қаланың тыныс-тіршілігіне үңілсек, ақжолтай мәдени-әдеби жаңалықтар көп-ақ. Мәселен, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан кітапханасы» сериясымен жарық көрген 30 кітапты айта аламыз. Аталған жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет іске асқан еді.