Мәдениет • 30 Маусым, 2023
Талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен қазақтың жанымен де, ділімен де, әнімен де, тілімен де, тарихымен де бірге жасап келе жатқан домбыра қаншама дәуірдің ауа көшіп, қаншама ғасырдың алмасуына куә болды.
Әдебиет • 28 Маусым, 2023
Өткенде «Әдеби калейдоскоп» айдарымен Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың, Гауһар?» повесі туралы жазған едік. Сонда шағын шығарманың әуезінен бұрынырақта оқыған бір әңгіменің желісі ойға орала кетті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2023
Ұлт журналистикасының тағылымды жолы
Ұлттық музейде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды. Салтанатты жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, зиялы қауым мен журналистер қатысты.
Театр • 27 Маусым, 2023
«Жошы хан»: Елдік пен бірлік мұраты
Тарих қойнауына көз салсақ, Ел билеген хандар еске түседі. Тым әріден тарқатсақ, Жошы ұлысы. Жо-жоқ, Жошыдан бұрын атағы алты қырдан асқан Шыңғысханды айтуымыз керек.
Мәдениет • 26 Маусым, 2023
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Күні кеше ғана Өзбекстанда Қазақ мәдениеті күндері аяқталды. 20 маусымда басталған бірқатар іс-шара Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында «Абай» операсымен салтанатты түрде қорытындыланды. Тарихи туындыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ұсынды.
Пікір • 21 Маусым, 2023
Тарихи фильм: талғам мен талап
Қазақ киносының бүгінгі деңгейіне қандай да бір анықтама беріп, артық-ауыс сөз айтып, яки зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Үйіңіздегі көгілдір экранды қоса қойсаңыз, бәрі ап-анық көрініп тұр. Отандық сериалдарды қарап отырып, еріксіз күлкің келеді (сеніңіз, бұл әжуа күлкі емес, күйініші көп күлкі): арзан сценарий, жасанды ойын, құлаққа түрпідей тиетін қазақша. Ұлт зиялыларының өзгерген образы тіптен бөлек әңгіме. Ал тарихи киноларда алқақотан отырған, домбыра тартқан, қымыз ішкен, атқа қонған байырғы қазақты ғана танимыз.
Өнер • 14 Маусым, 2023
Үндістанда үздік атанған «Бесік жыры»
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды.
Мәдениет • 10 Мамыр, 2023
«Мейірім» аясындағы «Бақытты бала»
Қоғамда іштегі мұңын, сырын, шынын жұртқа жеткізе алмай, не қажет, неге мұқтаж екенін айта алмай, қолдарымен «сөйлеп», онысын біреу ұқса, біреу ұқпайтын адамдар бар. Олардың өмірі – тұнған тыныштық. Араласатын ортасы да шектеулі: тек ым-ишарамен сөйлеп, ұғысатын кішкентай кеңістік. Мылқау жандар да мектепке барады, көркем шығарма оқиды, сурдоаудармамен кино көреді. Ол асқан шебер, ісмер немесе талантты суретші, керемет шахматшы болуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі зағип адамдардың да біртүсті өз әлемі бар.
Театр • 03 Мамыр, 2023
«Астана Балет» сахнасында «Ашық сахна» І республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара соңында «Жеті қазына» спектаклі көрсетілді. Либретто авторы – Мәдина Алданова, композиторы – Шырын Базарқұлова, хореограф – Уәлитбек Сиязбек, сценограф – Александра Рычкова. Премьералық көрсетілім қоюшы-дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Астана Балет» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
Елорда • 21 Сәуір, 2023
Астана жұртының таң атысымен EXPO халықаралық көрме орталығына қарай ағылып жатқанына, міне, үшінші күн. Әрине, жылына бір рет болатын «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі оқырман қауымға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!