Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Өнер • 16 Ақпан, 2023

Өр дауысты суретші

Әр шығармашыл жан өз үнін, өз ой-пікірін, өз ұстанымын, қарсылығы мен бұлқынысын өнері арқылы жеткізеді. Әр идеясын талантымен шебер ұштастыра алатындардың бірі – суретші Сәуле Сүлейменова. Жуырда ел аста­насындағы «Pygmalion» галереясында ашылған суретшінің «Milestone» ­атты жеке көрмесіне барып, бұл ойымызға тағы да беки түстік.

Өнер • 15 Ақпан, 2023

Қазақконцерт: жоспар мен жоба

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алпыс жылдан астам тарихы бар «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова мекеменің жаңа ірі жобалары мен алдағы ауқымды концерттік іс-шаралар жоспарын ­баяндады. Өнер ордасының басты жаңалығы «Гүлдер» ансамблінің қайта жасақталуы болып отыр.

Театр • 15 Ақпан, 2023

Жаңғырған «Дала үні»

«Астана Опера» театры сахнасына жалпы­адамзаттық құндылықтарды арқа­лаған «Дала үні» балеті араға үш жыл салып, жаңа нұсқада қайта оралады. Балет­мейстер Патрик де Бананың асыл мұрат­тарға жете­леген бұл қойылымы заманауи реңк­терге боялып, өзгере түсті. Тірші­ліктің сан сиқыры, махаббат күші мен бабалар даналығы тығыз өрілген спектакль көпшілікке 18-19 ақпан күндері ұсынылмақ. Осы орайда жаңа кейіпте қайта оралған қойылымның дайындық барысын білуге асықтық.

Әлем • 14 Ақпан, 2023

Саха жұртына саяхат

Кеше жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқарды үйіне арнайы іздеп бардық. Қаламгердің жұмыс бөлмесі бір қызық әлем екен. Төрт қабырғаны түгел жайлаған кітапханадан көз ала алмайсың. Төрде Оралханның суреті тұр – екеуі теледидар көріп отыр. Әрине, бұл шаңырақта Оралхан Бөкейдің, Қалихан Ысқақтың портреттерінің болуы да заңды. Жазушының аңкөстігі, балықшылығы, тау-тасқа деген құмарлығы баршаға аян – мына бір қабырғада Алтайдың әр қиырында түскен сондай фотосуреттер. Ендігі бір бұрыш суретші Әлібек Асқардың шығармашылығына арналыпты. Сонымен бұл үйге әдеби сауалдаманың ізімен келіп отырмыз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?

Өнер • 14 Ақпан, 2023

Данелия әлі-ақ үмітті ақтайды

Жас әнші Данелия Төле­шова АҚШ-та өткен America’s Got Talent шоуын­да тағы да өнер көрсет­ті. Ол Дункан Лоуренс­тің Arcade әнін орын­дады. Байқаудың ресми па­рақ­шасында әншінің өнер до­дасының жаңа мау­сымына қатысқан сәтінен бейнежазба жарияланды.

Кино • 13 Ақпан, 2023

Авторлық кино көрерменнен озық жүреді

Жуырда «режиссер Данияр Саламат Бейімбеттің шығармасы­ желісімен кино түсіріпті» дегенді естіп, елең еттік. Шынын айту керек, көпшілікке тәуір көрінген бірқатар авторлық фильм режиссерінің тарихи тақырыпқа барып, әдеби туындыны экрандап жатқанына ішіміз жылып қалды. Енді бір жағынан, бүгінгідей тарихи тұлғалар өміріне арналған телесериалдардың күрт көбейген тұсында кезекті кинокартина қалай шығар екен деп тосылып та отырмыз. Осы орайда Данияр Саламатпен ­жалпы кино туралы әңгіме өрбіткен едік.

Өнер • 12 Ақпан, 2023

Миллатжанның мәңгі бейнесі

Әртістік өнерде берілген рөлді сомдау, тек ұқсатумен шектелмесе керек-ті. Тіпті шеберліктен де биік бір сезініс қажет сияқты. Ол сезіну, бәлки, көзқарас, бәлки, толқу, өткеру – бәрі шынайы. Содан болар, кейде нағыз таланттардың ойнында образдың көркем болмысынан, түр-сипатынан, жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәнерінен бөлек көзқарасы да сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады.

Әдебиет • 12 Ақпан, 2023

Етікшілер мен балықшылар

Толстой ақсақал: «Етікші болсам, жаман етікші болмас едім», дейді. Яғни талантты адам қай істе де талантты дегені ғой. Бірақ Толстой етік тіккен жоқ, «Анна Каренинаны» жазды. Қайткенмен өзінің ұшар шыңын біледі емес пе?.. Жаман етікші болмаймын деп сенімді сөйлеуі де Каренинаны жазған таланттың қабілетін байқатып отыр – әуестігі де емес. Жалпы, ақын-жазушылардың әуестігі бір қызық әлем. Әу баста әрбір жазарман қаламгерлікке балаң әуестікпен келіп, әдебиеттің толқынды теңізінде жүзіп кете алғандарына таңғаласың. Сонда шындап айналыссаң һәм ішкі қуат, талантың соған сай келсе, жылт еткен құмарлықтың үлкен өнерге айналуы бек мүмкін.

Қоғам • 12 Ақпан, 2023

Мұқағалиды еске алды

Ел­ордада ақиық ақын Мұ­қа­ғали Мақа­таевтың туған кү­ні­не орай «Есіңе мені ал­ғай­сың» атты музыкалық-поэзиялық кеші өтті. Мәнді де тағылымды шараны әзірлеп, ұсынған – Еркеғали Рахмадиев атын­­дағы Мемлекеттік ака­де­миялық филармония.

Өнер • 12 Ақпан, 2023

Күй-ғұмыр

Е.Рахмадиев атындағы Мемле­кеттік академиялық филармония­сының Қазақ оркестрі «Күй атасы – Құрманғазы» атты Қ.Са­ғырбайұлының шы­ғар­­ма­шылы­ғына арналған кеш ұсынды.