Мәдениет • 04 Қазан, 2023
Сурет те белгілі бір уақыттан кейін тарихқа айналады. Тіпті кей суреттер уақыттың қазанында қайнаған сайын құнды жәдігерге баланып жатады. Ел ішіне таралып, адамдардың жадында жатталып қалғандары да жетерлік. Көбінесе осындай танымал суреттердің авторын көп жұрт біле бермейді. Суреті әйдік, суретшісі белгісіз. Сондай әйдік суреттердің авторы, қазақ жұртында кенжелеу қолға алынған фотография саласын, жалпы, фотоөнер мәдениетін дамытуға атсалысқан қайраткердің бірі – Сайлау Пернебаев. Ол саналы ғұмырында фотоаппаратын иығынан тастамай, еліміздің әр түкпірін шарлап, әйгілі адамдарын, тарихи оқиғаларын, қас қағым сәттерін суретке түсіріп, сол қоғамның жанды бейнесін жасады. Әсіресе әдеби ортада тұлғалар образын қалыптастырды. Ол тарихи суреттердің бірін білсек, бірін білмейміз. Бүгін, міне, тұтас дәуірдің шежіресін жасаған Сайлау Пернебаевтың сандықтан шыққан суреттерін көріп, өткен күндерге сапар шегіп отырмыз.
Өнер • 03 Қазан, 2023
«ALEM SAZ»: жеті жұрттың өнері
Ел астанасы бүгінде халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралардың алаңына айналды. Мұның айқын мысалы – күні кеше ғана аяқталған «ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі. Алтын күздің айшықты жобасына теңелген фестиваль 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында елордалық көрерменге түрлі елдің түрлі аспаптағы музыкасынан шашу шашты. Атап айтсақ, Түркия, Жапония, Мажарстан, Германия, Пәкістан, Испания, Ресей елдерінің үздік өнерпаздары қазақ сахнасында өнер көрсетті.
Театр • 03 Қазан, 2023
«Қозы мен Баянға» бас жүлде бұйырды
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» музыкалық драмасымен Бішкек қаласында өткен «АРТ-ОРДО – 2023» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Биылғы фестиваль КСРО Халық әртісі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Қыдыкееваның 100 жылдығына арналды.
Көрме • 29 Қыркүйек, 2023
Лондон төрінде Гүлнұр Мұқажанова мен Айғана Ғалидың жеке көрмесі өтіп жатыр. Three Highgate галереясында өткен «La Makan, Cosmic Corporeality» көрмесінде суретшілер ата-баба тарихынан сыр шертіп, қазақ мәдениетін таныстырады.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2023
Елордада көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын атап өту іс-шаралары жалғасып жатыр. Еске салсақ, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы рухани жиынға ұласқан еді.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2023
Жазушының қаншама жылдар бойғы тәтті азабын тартқан еселі еңбегі бір күндері ақталып, көл-көсір құрмет пен ыстық ықыласқа, толассыз атақ-даңқ пен оқырманның риясыз махаббатына ұласып жатады. Бұл әдебиетте әділет бар екенін білдіреді. Бұл да жазушының бақыты, жазушының сәттілігі. Биыл сондай әдебиеттің әділетін көрген, қаламының бағы жанған, соны стилімен, соны кейіпкерімен жазуға бұзып-жарып кірген көрнекті қаламгер, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази тоқсанның төріне шығып отыр. Мерейтойға орай ел астанасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Екі күнге жалғасқан конференция аясында жазушы талантының әр қыры әр тараптан талданып, түрлі іс-шаралармен толықты.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2023
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, Тұрсынжан Шапайдың әйгілі «Мақтанға мадақ» мақаласы еске түседі. Сыншының сыпайылап сыбаған сөздеріне еріксіз сылқ-сылқ күлесің. Бұл бір марқайған, мәз болған, тоқ күлкі емес – ашынған, күйінген күлкі.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2023
Сұлулыққа бәрі құштар. Әдемі картинаға да сан түрлі бояулардың үйлесімін көру үшін қараймыз. Суретшінің талантынан туған бояулар толқыны көңілге бір жылылық сыйлайтындай елегізиміз. Қарап тұрып өз әнімізді тыңдағымыз келеді. Дыбыссыз музыкаға қимылсыз билегіміз келеді. Бәрі эстетикалық ләззат алу үшін.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
«Mecenat.kz» әдеби байқауының биылғы III маусымына шығармаларды қабылдау басталды. Өтінімдерді тіркеу 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде кітап жәрмеңкесі жиі өтіп жүр. Қазақ баспалары ерекше қарқын алып, кітап саудасында бой көрсете бастады. Әсіресе қазақтілді оқырманның қазақтілді кітап нарығындағы белсенділігі де артып келеді. Жылда ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкелері дәстүрге айналып, кітап мерекесі деген ұғым қалыптастырды. Бұл, әрине, бұрнағы кезеңдегі жәрмеңкесіз жылдарға қарағанда едәуір нәтиже.