Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
897 материал табылды

Музей • 23 Шілде, 2023

Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған

Жылдың басынан бері Ұлттық музейге 310 мың адам келген. Ал былтыр бір жылдың қорытындысы бойынша 330 мың адам музейді аралаған.

Өнер • 20 Шілде, 2023

«Кеш»: режиссер түсірген суреттер

Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың хоббиі суретке түсіру екенін шығармашылығынан хабардар жұрт біледі. Фотографтың бұған дейін «Тыныштық», «Достарымның портреттері» атты фотоальбомдары жарық көрген болатын. Автор жақында «Кеш» атты үшінші фотоальбомын көпшілікке ұсынды.

Кино • 19 Шілде, 2023

Жаңа фильм жарыққа шығады

Алматыда Tiger Films продюс­ерлік компания­сының ке­зекті толықметражды фильмі­нің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа кар­ти­надағы басты рөлдерді елі­мізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның ал­ғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.

Таным • 19 Шілде, 2023

Бағзыдан жеткен барыс

Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – барыс типті белдік әшекейі. Ол Есік қорғанынан табыл­ған. Біздің дәуірімізге дейінгі V- VІ ғасырларға жата­ды.

Театр • 19 Шілде, 2023

Оныншы маусым: Операдағы озық жетістіктер

Басқа-басқа, симфония кешіне барғанның әсері тым бөлек екенін театрсүйер қауым жақсы біледі. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристо­краттық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.

Өнер • 17 Шілде, 2023

Жарқылдаған жас өрен

Жас дарын Шерхан Арыстан «Витебскідегі Славян базары» халық­аралық өнер фес­тивалі аясында өтіп жат­қан «Витебск» XXI ха­лықаралық балалар му­зыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды.

Өнер • 16 Шілде, 2023

«Ақжелең» жеңіске жетті

№2 Балалар музыка мектебі оқушылары – Қарағанды қала­сының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Жәнібек Қазбекұлы) дәстүрлі «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалында жеңіске жетті.

Музей • 12 Шілде, 2023

Роботтар музейі

Қарапайым заттардан, тұрмыстық техника қалдықтарынан роботтар жасап танылған талғарлық стоматологті біреу білсе, біреу білмес. Оның ендігі мақсаты – шеберхана салып, өзгелерге темірмен жұмыс істеуді үйрету.

Музей • 10 Шілде, 2023

Отырардан жеткен қазына

Ұлттық музейде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қоры­ғының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәде­ниеті» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған көрмеде еліміздің ежелгі өрке­ниет ордасы – Отырарға қатысты құнды жәдігерлер таныс­ты­рыл­ды.

Жоба • 10 Шілде, 2023

Өтүкенге жол тартқан керуен

Өткен аптада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халық­­аралық тарихи-мәдени экспедиция басталып, Көкше­­таудан автосапарға аттанған еді. Ал қазір керуен орта ғасыр­да­ғы Найман хандығының шығыстағы шеткі шекарасына же­тіп, Өтүкен қойнауына жол тартты. Одан кейінгі нүкте – Қара­қорым. Жоспар бойынша тарихи экспедиция Павлодар, Бийск, Таулы-Алтай, Қосағаш, Баян-Өлгей, Ховд, Баянхонгор, Хар­хо­рин, Номғон, Ұланбатыр, Налайхан, Улан-Удэ, Иркутск, Крас­ноярск, Новосібір, Омбыға аялдайды. Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағында, шамамен 9 мың шақырым жер­ді басып­ өтпек.