Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
798 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022

Ұлт ұстазы ұлықталды

Ел астанасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және Тіл мерекесі аясында «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Әділетті Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Тарихи тұлғаның дәл туған күнінде ұйымдастырылған алқалы жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ зиялы қауым мен әдебиетшілер қатысты.

Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022

Қазақы тұқымдарды сақтау жайы қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды.

Әдебиет • 02 Қыркүйек, 2022

«Алты Алаштан сөз оздырған»

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, публицист Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Алты Алаштан сөз оздырған» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Руханият • 31 Тамыз, 2022

Түркінің тасқа қашалған тұңғыш төлқұжаты табылды

Жуырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түркі қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапқан еді. Тарихи оқиғаға орай Халықаралық Түркі академиясы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Әдебиет • 31 Тамыз, 2022

Тәркіленген тағдыр

Мінез өлеңде де болады. Бұлқынған. Әділ. Қайсар. Өр. Өлеңдегі мінез ақынның даусына дауыс қосады, ойға бір ғаламат күш беріп, қара түндегі теңіздей шулатады. Жағаға ұрған ақкөбіктенген толқын-жырлар дәл жүрек тұсыңа келіп соғады. Сондағы ақынның алапат сезімі жер-әлемнің бар сырын шайы­п өткендей сойқан әсер қалдырады. Иә, бұл – рухты поэзия. Шын ақын қашанда өз заманының бейнесін көреді. Ақиқатын іздейді, жалғанын айтады. Үшінші Анна да қоғамының шын болмысын таныды, әділетсіздігін көрді, жазды, һәм жазғаны үшін жазықты болды.

Өнер • 26 Тамыз, 2022

Аңыз-бейне

Әдебиетте бейнесі аңызға айналған ақындардың бірі – Ахматова. Оның портретін небір шебер суретшілер салды. Мәселен, Амедео Модильяни, Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский, Алексей Баталов. Әр портреттегі ақынның тұлғасы, көңіл күйі, шығармашылығы – бәрі-бәрі ақынның өмір жолынан сыр шертеді. Өнертанушылардың айтуынша, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар».

Кино • 25 Тамыз, 2022

Киноөндірістегі негізгі мәселелер талқыланды

Отандық киноөндірістің мәселесі қай уақытта да өзекті. Бәсекеге қабілетті һәм сұранысқа ие фильм түсіру бүгінгі қазақ киносының негізгі мақсаты болып отыр. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинорежиссерлермен кездесіп, «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту және кинематография саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын, сондай-ақ аталған саладағы бірқатар мәселені талқылады.

Әдебиет • 25 Тамыз, 2022

«Айбоз» әдеби сыйлығынан үміттілер көп

Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп. Атап айтсақ, бүгінде әдеби бәйгеге қатысушы 150-ден астам шығарма келіп түскен. Бұл туралы аталған сыйлық жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Өнер • 23 Тамыз, 2022

Ақ пен қара: Парадокс

Кейде картинаға қарап тұрып, эстетикалық ләззат аласың. Көркемдігінен – толқындай тоғысқан бояулардың үйлесімінен. Ал кей картинаға жаныңды тыныштандыру үшін, көз демалдыру үшін қарайсың. Одан бөлек, адамды терең ойға, түсініксіз бір мекенге жетелейтін суреттер де болады. Бір қарағанда, мағынасыз сияқты, бірақ тұңғиығына көзің жетпейді. Тұнған философия. Сондай өнер туындыларының бірі – Казимир Малевичтің «Қара шаршысы».

Өнер • 23 Тамыз, 2022

Жас өреннің жарқылы

Жас скрипкашы Әмина Арыс­танбек World Championships of Perfoming Arts (WCOPA, Лос-Анджелес) ауқым­ды амери­калық жо­бадан жүлдемен оралды. Он жастағы өнер­­паз вокал бағыты бойынша күміс, «Аспаптық өнер» ба­ғыты бойынша қола ме­дальды иеленіп қайтты.