Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
798 материал табылды

Театр • 27 Тамыз, 2021

Қуыршақ театры фестивальға барады

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры өзінің негізгі миссиясы – балдырған көрермендерді қызықты қойылымдар арқылы тәрбиелеуді ешқашан ұмытқан емес. Карантин уақытында театр сахнасы жабық болғанымен өнер ұжымы шығармашылық ізденістерін тоқтатпады. Актерлер онлайн форматта шеберлік сағаттары мен танымдық айдарлар ұсынып, тікелей эфирлер ұйымдастырды. Оған қоса Қуыршақ театры халықаралық дәрежеде онлайн және офлайн форматта өткен фестивальдарға қатысып, жүлделі болғаны есімізде.

Тәуелсіздік • 26 Тамыз, 2021

«Өзбекстанның халық әртісі» атанды

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандасымыз, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстанның халық әртісі» атағын алды.

Әдебиет • 24 Тамыз, 2021

Кофе және әдебиет 2

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасы қанша айшылық жол екен? Жер мен Күннің арақашықтығындай ма, әлде одан сәл жақын ба? Жалпы, бірінің біріне қатысы бар ма өзі? Қатысы болса, мерейтойлық аудармамен ғана шектеле ме? Ал қатысы жоқ десеңіз, әлем әдебиетін неге құбылаға теңейміз? Жұмыс күнінің басында осындай беймаза сұрақтар ойға қайдан келеді екен...

Кино • 24 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті

Қазақстанның Nomad Stunts каскадерлері әйгілі америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті.

Кино • 24 Тамыз, 2021

«Балуан Шолақты» тамашалады

Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай қазақстандық кино күндері өтті.

Өнер • 24 Тамыз, 2021

Қобыз сүйемелдеген Stranger

Әлемге танымал әнші Димаш Құдай­бер­ген көрер­менге өзінің Stranger («Бей­таныс») атты әнін та­ныс­­тырды. 19 та­мызда Сочидегі Олим­пиа­далық парктің New Wave Hall сахнасында алғаш рет орындалған ән қобызбен сүйемелденіп, көпшілікті таңғалдырды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдай­бер­геннің жаңа әніне айрықша реңк бергендей.

Әдебиет • 26 Шілде, 2021

«Соғыс және бейбітшілік»: Бірегей туынды ма, әлде «бос мылжың ба»?

Осыдан шамамен 150 жыл бұрын Ресейде аса ірі әдеби оқиға болды: Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының алғашқы басылымы жарық көрді. Романның жекелеген тараулары бұдан бұрын да басылып келген еді. Толстой оның алғашқы екі тарауын Катковтың «Русский вестнигінде» бірнеше жыл бұрын жария ете бастаған. Дегенмен, романның «канондық», толық және өңделген нұсқасы жылдар өте жарық көрді. Бұл әлемдік деңгейдегі шедевр һәм бестселлер, бір жарым ғасыр ішінде көптеген ғылыми-зерттеуге арқау болды, оқырмандар тудырған түрлі аңыздан да құр қалмады. Әлқисса.  

Қоғам • 21 Шілде, 2021

Түрмедегілер түзеліп жатыр ма?

EЦ-166/5 ерекше режімдегі төтенше қауіпсіз мекемесінен тікелей репортаж.

Кино • 16 Шілде, 2021

Үздік режиссер әйел

Отандық режиссер Шарипа Ораз­баева Лондонда өткен 22-ші Халық­ара­лық Rainbow Film Festival кинофес­ти­­валінде «Үздік режиссер әйел» атанды.

Әдебиет • 14 Шілде, 2021

Аңыз-ғұмыр

Ол туралы түрлі аңыз-әңгіме бар: бәлки, шын... бәлки, өтірік. Оның өлеңі де өзінің болмысы секілді «бөтен» сезілетін. Сонысымен «күміс дәуір әдебиетіндегі» поэзияға лирикалық жаңа бояу, цветаевалық дауыс алып келді. Кейде оның асқақ та өршіл өлеңдері кейбіреулердің сезімінен, намысынан, батылдығы мен сенімінен биік көрінеді. Ол Нобельді алған жоқ, тіпті көзі тірісінде туған жеріне де сыйған жоқ, дәлірек айтсақ, орыс қоғамы оны керек еткен жоқ: көрсе де көрмегендей болды, оқыса да оқымағандай кейіп танытты. Ақынның трагедиясы, міне осы тұстан басталды.