Әдебиет • 30 Сәуір, 2020
29 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар» атты халықаралық онлайн-форум өткізді.
Әдебиет • 23 Сәуір, 2020
Жұмабай Шаштайұлы. Аспанқора (повесть)
«Бірде Рымғали Нұрғалиевқа «Аспанқора» деген шығармамды алып барғанымда, «тағы осындай он дүние жазсаң, тарихта қаласың» дегені бар. Осы повесть туралы Мұхтар Мағауин кейін «Үлкен жазушының елесі келе жатыр» деп жазды. Бірақ, қазіргі күні сол үмітті ақтай алмаған секілді боламын да тұрамын». Ж.Шаштайұлының сұхбатынан
Руханият • 23 Сәуір, 2020
Әл-Фараби мұрасы һәм қазіргі заман
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енген болатын. Осыған орай 22 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына арналған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция өтті.
Қоғам • 20 Сәуір, 2020
Дәрігерлерге арнау-жырлар жалғасуда
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің кезекті композициясы ақ халатты абзал жандарға арналды. Музыканттар әлемнің барлық медицина қызметкерлерінің құрметіне Леонард Коэннің «Hallelujah» әнін шырқады.
Руханият • 17 Сәуір, 2020
«Құс қанаты» атты онлайн кездесу өтті
16 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханасы жас ақын Бауыржан Игілікпен «Құс қанаты» атты онлайн кездесу өткізді. Аталған жоба Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және «Жастар Коворкинг» орталығының ұйымдастырумен өтіп отыр.
Руханият • 15 Сәуір, 2020
«Online кітапхана» жобасы жалғасуда
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда. Жобаның кезекті онлайн дәрісі «Кiтапхана және ақпараттық қоғам» тақырыбына арналды. Онлайн кездесуге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2020
Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасы жазылып жатқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезең аралығында елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғалардың бірі бағаланса, енді бірі еленбей жатты. Дархан даланың дарынды ұрпақтарын халық алдында әспеттеу – егемендігіміздің елеулі бір көрінісі екенін ұғынсақ та, нақты жүйе болмаған соң, таланттарды таныту жалпыхалықтық сипат ала алмады.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2020
Айнаға қарауға қорқамын (әлеуметтік әфсана)
Қым-қуыт тіршіліктің қамытын киген мына қоғамда «есі дұрыс» адамдардан (Сіз бен Біз) бөлектене оқшау өмір сүретіндер бар. Олардың да аты – адам. Өзіміз сияқты ақыл-санаға ие, екі аяқты пенде болғанымен адам құрлы көрмейтініміз қызық. Әсілі, қызық емес, қорқынышты. Ол адамдардан тым алыс жүруге, лажы болса, көрсек те көрмегендей кейіп танытуға дайынбыз. Әлгі жерде менсінбейміз. Өзімізді олигарх, оларды қара кедей санайтынымыз адамның тәуір күлкісін келтіреді. Әлқисса. Әсте ойға орала бермейтін бұл әңгімені қозғауыма жүрегімді жұлып түсірген бір көрініс себеп болды. Құдай жазудан басқа ештеңеге қыр бермеген соң, қадари-халімізше сұрапыл ойды сұмдық сөздерге салуға тырыстық. Мен айтайын һәм сіз тыңдаңыз.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2020
Коронавирус пандемиясына байланысты бүгінде еліміз сын сағаттарын бастан кешуде. Төтенше жағдай кезінде, әсіресе ақ халатты абзал жандардың еңбегі мол екеніне көзіміз жетті. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері дәрігерлердің өлшеусіз қызметін, ерлігін жырға қосып «Дәрігерлер» әнін жазды.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2020
Есбол НҰРАХМЕТ. Журналист, молда, киллер және жезөкше (новелла)
Түнгі он екілер шамасы. Журналист қала маңындағы жұпынылау жалдамалы пәтерде әлдебір құжаттар мен фотосуреттерді ақтарыстырып, әлденені жазып-сызып, компьютерге үңіліп ұзақ отырып, кеш жатты.