Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
73 материал табылды

Өнер • 11 Қазан, 2023

Аңсағанның арманы

Оны қазір әлеуметтік желіден жиі көреміз. Ал шығармалары кө­бінесе шетелдік көрмелерде көбірек қойылып жүр. Мәселен, жуырда Арген­тина­ның бірнеше қаласында, Иракта, Түркияда, Италияда өткен көрмелерде туын­­дылары көрсетілді. Өзі суретші болса да Суретшілер одағына мүше емес (оның да сыры бар), есесіне, шетелдік Суретшілер одақтарына мүше. Тақы­рыбы – әлеуметтік мәселе, аудиториясы ауқымды. Әр картинасында қоғамның бір шын­дығы жатады. Азаматтық ұстанымына сай ақылы сурет салмайды, шығармасын да сатпайды. Ол – суретші-аниматор Аңсаған Мұстафа.

Мәдениет • 04 Қазан, 2023

Сандықтан шыққан суреттер

Сурет те белгілі бір уақыттан кейін тарихқа айналады. Тіпті кей су­реттер уақыттың қазанында қайнаған сайын құнды жәдігерге баланып жатады. Ел ішіне таралып, адамдардың жадында жатталып қалғандары да жетерлік. Көбінесе осындай танымал суреттердің авторын көп жұрт біле бермейді. Суреті әйдік, суретшісі белгісіз. Сондай әйдік суреттердің авторы, қазақ жұртында кенжелеу қолға алынған фотография саласын, жалпы, фотоөнер мәдениетін дамытуға атсалысқан қайраткердің бірі – Сайлау Пернебаев. Ол саналы ғұмырында фотоаппаратын иығынан тастамай, еліміздің әр түкпірін шарлап, әйгілі адамдарын, тарихи оқиғаларын, қас қағым сәттерін суретке түсіріп, сол қоғамның жанды бейнесін жасады. Әсіресе әдеби ортада тұлғалар образын қалыптастырды. Ол тарихи суреттердің бірін білсек, бірін білмейміз. Бүгін, міне, тұтас дәуірдің шежіресін жасаған Сайлау Пернебаевтың сандықтан шыққан суреттерін көріп, өткен күндерге сапар шегіп отырмыз.

Өнер • 03 Қазан, 2023

«ALEM SAZ»: жеті жұрттың өнері

Ел астанасы бүгінде халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралардың алаңына айналды. Мұның айқын мысалы – күні кеше ғана аяқталған «ALEM SAZ» II Халықаралық музыка фестивалі. Алтын күздің айшықты жобасына теңелген фестиваль 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында елордалық көрерменге түрлі елдің түрлі аспаптағы музыкасынан шашу шашты. Атап айтсақ, Түркия, Жапония, Мажарстан, Германия, Пәкістан, Испания, Ресей елдерінің үздік өнерпаздары қазақ сахнасында өнер көрсетті.

Руханият • 21 Қыркүйек, 2023

Әдебиет абызы

Жазушының қаншама жылдар бойғы тәтті азабын тартқан еселі еңбегі бір күндері ақталып, көл-көсір құрмет пен ыстық ықыласқа, толассыз атақ-даңқ пен оқырманның риясыз махаббатына ұласып жатады. Бұл әдебиетте әділет бар екенін білдіреді. Бұл да жазушының бақыты, жазушының сәттілігі. Биыл сондай әдебиеттің әділетін көрген, қаламының бағы жанған, соны стилімен, соны кейіпкерімен жазуға бұзып-жарып кірген көрнекті қаламгер, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази тоқсанның төріне шығып отыр. Мерейтойға орай ел астанасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Екі күнге жалғасқан конференция аясында жазушы талантының әр қыры әр тараптан талданып, түрлі іс-шаралармен толықты.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2023

Дәстүрге айналған жәрмеңке

Кейінгі жылдары елімізде кітап жәрмеңкесі жиі өтіп жүр. Қазақ баспалары ерекше қарқын алып, кітап саудасында бой көрсете бастады. Әсіресе қазақтілді оқырманның қазақтілді кітап нарығындағы белсенділігі де артып келеді. Жылда ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкелері дәстүрге айналып, кітап мерекесі деген ұғым қалыптастырды. Бұл, әрине, бұрнағы кезеңдегі жәрмеңкесіз жылдарға қарағанда едәуір нәтиже.

Руханият • 17 Қыркүйек, 2023

Орағаң туралы ой толғады

Ел астанасында көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы рухани жиынға ұласты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шолпандай таң алдында туып батты» атты конференцияға мәдениет пен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен қарапайым оқырман қауым қатысты.

Мәдениет • 06 Қыркүйек, 2023

Жаңа маусым – кең тыныс

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 63-концерттік маусымы ашылды. Көрерменнің көзайымына айналған өнерпаздар жаңа маусымды ерекше тыныспен, айрықша әсермен бастады. Бірнеше күнге созылған мәдени мерекеде «gala opening» жобасы аясында танымал әртістердің қатысуымен гала-концерт пен «Turan» этнофольклорлық ансамблінің «Bridge of Times» бірегей жобасы өтіп, «Джаз кештері» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.

Сұхбат • 04 Қыркүйек, 2023

Жамал МАНКЕЕВА: Бәрі тілден басталады

Тіл мерекесі жыл өткен сайын дәстүрлі сипат алып келеді. Атаулы күнде сөз бен тілдің байырғыдан жалғасқан байланысына үңіліп, қазіргі сипатын бағамдап жатамыз. Бүгінгідей жаңа технологияның қарыштап дамыған уақытында әрі ақпараттық ағынмен бірге тілдің де қоғамдық қолданысқа сай өзгеріске ұшырауы заңды. Осы турасында филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал МАНКЕЕВАМЕН аз-кем әңгімелескен едік.

Әдебиет • 29 Тамыз, 2023

Біржан сүйген Ләйлі

Талантты жанның сыры мен сезімі, жүрек сөзі ең алдымен өнерінен көрінсе керек. Көңілді толқытар әр сәттен әсер алған шығармашыл жан кешкен күйін туындысы арқылы суреттегісі келеді. Ішіңді түнгі дауылдай тулатқан сезім өнерге жан бітіреді. Сондай ақ сезімнің толқынынан туған аңыз-әндердің бірі – Біржан салдың «Ләйлім шырағы». Иә, бұл ай мен күннен де сұлу Ләйліге арналған жалғыз туынды емес. «Ләйлім», «Жалғыз арша», «Шідер» әндері де ақ махаббаттың куәсі-сынды.

Музей • 13 Сәуір, 2023

Ұлттық музейдің іргесі кеңіді

Бүгінгі таңда Ұлттық музей ауқымды мәдени жобаларды іске асыратын алаңға айналып отыр. Мәдениет ошағында қоғамды, руханият пен экономиканы дамытудың маңызды ресурсы ретінде отандық музейлердің рөлін күшейтуде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы орайда аталған мұражайда «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты болды.