Қоғам • 02 Қараша, 2020
Кеменің құпиясына қанық бойжеткен
Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары болмаса, басқамызға теңіз бен алып кемелер күнделікті көз үйренген көрініс емес. Көпшілігіміз тек суреттен тамашалайтын су көлігі жайлы біліміміз де таяз. Баршаға бірдей түсінікті бола бермейтін осы саланың елімізде жілігін шағып, майын ішкендер де аз емес. Теңіз техникасы және технологияларының қыр-сырын жетік меңгерген Ирма ЕГІНБАЕВА бүгінде әлемнің озық білім ордасын тәмамдап, шетелдің ғылыми институттарында тәжірибе жинап, Норвегиядағы ірі кәсіпорнында қызмет етіп жүр.
Әлем • 02 Қараша, 2020
Сайлау мен әлеуметтік желі жыры
Бүкіл әлемнің назарын аударған коронавирус пандемиясы, вакцинадан кейінгі тағы бір оқиға, ол АҚШ-тағы президент сайлауы болды. Бұл тұста ерекше ойға оралатыны саяси бәсеке емес, әлеуметтік желінің сайлау процесіне әсері. Жалпы, технологияның дамуымен Facebook секілді желілердің қоғамдағы кез келген мәселенің әрі қарай қалай өрбитінін бағыттауға қауқары жететінін аңғарып үлгердік. Өткен сайлаудағы даудан кейін бұл мәселе АҚШ пен бүкіл әлемді қайта алаңдатып отыр.
Саясат • 30 Қазан, 2020
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында комиссия мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
«Айбынның» алғашқы жеңімпаздары
Республикалық «Айбын-2020» жастар жиынының алғашқы үш байқауының қорытындысы бойынша Түркістан облысының орта мектептері атынан сынға түскен «Барыс» әскери-патриоттық клубы көш бастап тұр.
• 28 Қазан, 2020
Сайлаушылар тізімі пысықталады
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру мәселесі сөз болды.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Әскери институттың тәрбиеленушілері әуе кемесін бағындырар сәтті асыға күтеді. Әр курсант үшін бұл толқынысты сәт қана емес, кәсіби маман ретінде қалыптасуын білдіретін жауапкершілігі аса жоғары сынақ.
Руханият • 27 Қазан, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлердің сүйегі араға жылдар салып елге жеткізілді. Іздеу тобының жұмыстары нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан үш қазақстандықтың есімі белгілі болды.
Әлем • 26 Қазан, 2020
Huawei өндірісі кедергіге ұшырады
Қытайлық Huawei АҚШ санкцияларына қарамастан, өндірісті жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтқан.
Әлем • 26 Қазан, 2020
Brexit-тен кейінгі ірі сауда келісімі
Ұлыбритания Brexit-тен кейінгі алғашқы ірі сауда келісіміне ресми түрде қол қойды. Елдің серіктесі Жапония атанды.
Әлем • 26 Қазан, 2020
Нигерияда бірнеше күннен бері халықтың наразылығы басылмай тұр. Елдегі арнайы құқық қорғау органдарының аяусыз әрекеттеріне қарсы халық алғашында әлеуметтік желіде наразылық таныта бастады. Бұл наразылықтың соңы Нигерия көшелеріндегі шеруге ұласты. Ұрлыққа қарсы арнайы бөлім (SARS) деп аталатын даулы полиция бөлімшесінің ұрлау, қудалау және бопсалау секілді әрекеттері қарапайым тұрғындардың зығырын шығарған. Наразылық сейсенбіде елдің ең үлкен қаласы Лагоста қанды оқиғаларға алып келген. Себебі штат бойынша коменданттық сағат орнағанына қарамастан шеру тоқтамаған. Куәгерлер бірнеше адамды әскерилер атып өлтіргенін, ал денелерін алып кеткенін айтқан.