Меруерт БҮРКІТБАЕВА
Меруерт БҮРКІТБАЕВА«Egemen Qazaqstan»
562 материал табылды

Саясат • 12 Қараша, 2020

«Astana Media week»: Ақпарат айдынындағы маңызды алаң

Кеше елордада ақпарат саласындағы өзекті мәселелерге арналған дәстүрлі «Astana Media week» шарасы басталды. Алқалы жиында мамандар үш күн бойы саладағы пандемия әсерінен болған басты өзгерістерге тоқталып, заманауи БАҚ-тың жаңа жағдайға бейімделуі мен жаһандық трендтер туралы ойларын ортаға салады.

Коронавирус • 11 Қараша, 2020

Тиімді вакцина табылды

АҚШ-тан сүйіншілеп жеткен жаңалықтардың легі толастар емес. Жақында коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаның анықталғаны туралы жақсы хабар жетті.

Сұхбат • 10 Қараша, 2020

Жәнібек Солтанай: «Халық алғысы» үлкен жауапкершілік жүктейді

Биылғы жыл еліміздегі волонтерлер жылы әлем елдерін әбігерге салған пандемия мен денсаулық саласына түскен ауыртпалықпен есте қалды. Осы тұста болашақ дәрігерлерден құрылған волонтерлік топтың маңызы да арта түсті. «Алматы волонтер-медиктері» жастар қозғалысының жетекшісі Жәнібек СОЛТАНАЙ осы туралы әңгімесімен бөліскен еді. Шағын сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әлем • 09 Қараша, 2020

Күзеннен мутацияланған вирус анықталды

Әлемде күзен терісін импорттаушы ең үлкен ел – Данияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды. Індет күзен фермаларында тарай бастаған. Індет жұқтырғандардың талдауы вирустың өзгергенін көрсетіп отыр. Бұл жағдай Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын да алаңдатты. Одан бөлек тағы алты ел күзендерден вирустың анықталғанын мәлімдеген.

Әлем • 09 Қараша, 2020

Ұлыбритания халықты жаппай тестілеуден өткізеді

Елдегі жағ­дай ушыққан са­йын Ұлы­британия бар­­лық шараны жа­сауға жанталасып жатыр. COVID-19-дың белгілері болмаса да, тұрғындардың барлығы тесттен өтеді. Бұл – вирусты анықтап, жоюдың тиімді тәсілдерінің бірі дейді сарапшылар. Елдің премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда мұндай сынақты ел көлемінде өткізуге уәде беріп отыр. Ливерпуль алғашқы болып бастайды.

Әлем • 09 Қараша, 2020

АҚШ-та індет өршіп барады

Сенбіде жа­­риялаған мә­лі­меттерге сәй­кес, АҚШ-та соң­ғы үш күн қатарынан рекордтық көрсеткіштер тіркелген. Жұма күні 126 480 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Елдегі COVID-19 жұқ­тыр­ғандардың жалпы саны 9,7 миллионнан асқан, ал 236 мыңнан астам адам індеттен қайтыс болды.

Саясат • 06 Қараша, 2020

Сайлауға қандай партиялар қатысады?

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға 6 саяси партияның қатысуына рұқсат берді.

Әлем • 05 Қараша, 2020

АҚШ-тағы сайлау: Кім жеңеді?

Әлем назары осы апта АҚШ-тағы президент сайлауына ауды. Бұл алпауыт елді келесі төрт жыл кім басқаратынын білуге деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетсе керек. Өйткені бұл таңдаудың АҚШ-тың ахуалына ғана емес, халықаралық саясат, экономика және өзге де салалардың постпандемия кезеңіндегі даму бағытына әсер етпей қоймасы анық. Әзірге әлем жұрты тартысты доданың қалай өрбіп жатқанын жіті бақылап отыр.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Халық алғысына бөленген волонтер

Індетпен алғы шепте кү­рескен дәрігерлердің ер­лігі туралы қанша айтсақ та артық болмайды. Қиын кезде оларға көмекке келген волонтерлердің де ең­бегі көпке үлгі. Солардың қатарында ме­дициналық оқу орындарын жаңадан бітіріп жат­қан түлектер де әріп­тестерімен қатар, белгісіз вирусқа тойтарыс беруге барынша тырысты.

Сұхбат • 02 Қараша, 2020

Басты құндылығымыз – қызметкерлеріміз

Біздің қоғамда әлеуметтік мәселелердің бір парасы мүм­кін­дігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына ке­ліп тірелетіні мәлім. Мемлекет қанша жерден оларды қол­дау­дың жаңа тетігін ұсынғанымен, мүгедек жандардың өмір­ден өз орнын тауып, қоғамға бейімделіп кетпейінше бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Жақында игі іске бас­та­­машы болған, 80-нен астам адамды жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік кәсіпкер Эмин АСКЕРОВПЕН атал­ған са­ладағы өзгерістер мен қоғамдық қызметі туралы әңгі­ме­ле­судің сәті түскен еді.