Саясат • 23 Қазан, 2020
Шетелдік байқаушылар мәселесі қаралды
Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметін ұйымдастыратын қаулы қабылдады.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде онлайн режімде «Туған жерге тағзым» тақырыбында өңірлік өлкетану оқулары өтті. Шара аймақ тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері жөніндегі ғылыми зерттеулерді зерделеп, өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Мемлекеттік қызметшілерге талап күшейеді
Соңғы жылы мемлекеттік қызмет саласын ілгерілетуге қатысты бастамалар жиі көтеріліп жүр. Ел Президенті халыққа Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін ұсынып, салаға көптеген жаңашылдық енгізу керектігін баса айтқан еді. Одан бөлек жақында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салу нормасы күшіне енгені тағы бар.
Оқиға • 23 Қазан, 2020
Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде екі күн бойы республикалық пікірсайыс өтті.
Саясат • 23 Қазан, 2020
«А» корпусы аудиторияға оралады
Қазақстанда қоғам қажеттілігін басты назарға қоятын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қайта оқытылатын болды.
Қоғам • 21 Қазан, 2020
Елорда тұрғындары «Қан тапсыр – өмір сыйла» атты акцияға қатысып, қайырымды іске үлес қосты.
Әлем • 19 Қазан, 2020
Жаһанға пандемия тарағалы мемлекеттер мен фармацевтикалық ірі компаниялар арасында вакцина бәйгесі басталғаны белгілі. Бүкіл әлем халқы осы жаңалық белгісіз індетті тоқтатып, өмірімізді бәз-баяғы қалпына келтіреді деген сенімде. Алғашқы кездегі «емі табылды» деген әр хабарға сенген жұрт қазір вакцинаның әлі дайын емес екенін біледі, зерттеушілердің сүйінші хабарын тағатсыздана күтіп отыр.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Қазақ қызы – халықаралық волонтер
Бүгінгі жастардың талпынысы мен өмірлік мақсаты ата-аналарының жас кезіндегі арманына мүлдем ұқсамайды. Жаһандану дәуірінде туып-өскен ұрпақтың ойы да бөлек, өздері де дара. Олар үшін шекара жоқ. Сондай жастардың бірі – Дина Ақылбекова бүгінде Біріккен ұлттар ұйымының волонтерлер бағдарламасының қатарында Түркияда қызмет етеді.
Оқиға • 15 Қазан, 2020
Елордада жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің арасында «Nur-Sultan Debate Cup 2020» пікірсайыс турнирі басталды.
Сұхбат • 15 Қазан, 2020
Бірнеше жыл қатарынан «100 жаңа есім» жобасы белгілі бір салада жетістікке жетіп, талайларға үлгі болған жастарды қоғамға таныстыру арқылы олардың еңбегін бағалап келеді. Бүгін жоба жеңімпазы, мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған «KBT group» компаниясының бас директоры, табысты кәсіпкер Азат СЕМБИНОВПЕН сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз.