Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Текеліде тутұғыр орнады

Жетісудың жақұты – Текелі қаласында Ата Заңның 25 жылдығы мен елорда күніне орай тутұғыр орнатылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан 13 жобаның бірі – тутұғырдың орнауы қала экономикасы өркендеуінің жаңа бір нышаны болғандай.

Әдебиет • 30 Маусым, 2020

Тыныштық (төрттаған)

Алкман Цицеронның «Гомерге дейін де ақындар болған» дейтініндей, адамзат баласына тіл біткелі айтылмаған сөз, жазу біткелі таңбаланбаған ой жоқтың қасы. Бәрі де айтылған. Бірақ кім қалай айта алды?! Сонымен не айтқысы келді? Мәселе осында секілді.

Руханият • 23 Маусым, 2020

Гүлдер мен толқындар

«Тынық мұхитының жады жоқ», дейді екен Америка құрлығының байырғы жұрты. Ұлы сулардың есінде еш­теңе қалмайды, уақыт дауылы сапырып, шайқап, шайып кетеді. Ештеңе болмағандай. Ал даланың жады ше?

Әдебиет • 17 Маусым, 2020

Үй (үштаған)

Борген Көл жағасындағы кішкентай ғана қызыл үй, кейде көңіл түкпірінде көмес­кіленіп, көрінбеске айналғандай, кісі қиялында ғана бар секілді, өмірде жоқ, жылдың үш мезгілінде иесіз, қаңырап тұратын, жазға салым қаладағы қожасы оралғанша – ол бір елес. Оралған сайын үй иесі есігін ашып, ішке кіргенше үй­дің бар я жоқ екеніне күдіктенуші еді, арманында ойша жасап алған үй ме екен деп ойлаушы еді. Бір жылы сол үйді өзі жоқта, жылдың үш мезгілінде үйсіз қария мен кейуана паналайтынын, сонда тығылып өмір сүретінін, сол үшін өздерін енді кінәлі санайтынын,  сұмдық ыңғайсызданатынын,  бұл құпияның ашылмауын сонша қалағандықтарын білді. Білді де, қария мен кейуанаға сол үйді мекен етуге рұқсатын берді. Бірақ қызыл үйге құдайы қонақтар со күйі қайта оралмады. Бұл – норвег жазушысы Юхан Боргеннің новелласындағы үй. Ұзын-ырғасы осы. Автор, адам өмірінің жазы өтпелі екенін, сол үйдің, сол үй бейнесіндегі тұтас әлемнің бізге дейін де, бізден кейін де өмір сүре беретінін айтады.

Руханият • 11 Маусым, 2020

Сыбызғы (үштаған)

Чехов Анау жерде біздің үй болатын. Кешіріңіз, бәлкім, мына жерде. Білмеймін, осы маңда біздің үй болатын. Кеңестің үйі. Қамыстан салынған, студенттер салған. Неге екені белгісіз, үйдің аты – Көшкен үй еді. Үйдің де есімі болады. Мен Көшкен үйде өстім. Кейін, ел көшкенде біз де көштік.Қайбір жылы ауылға бардым. Үйдің орнын да тауып алдым. «Бұл жерде бұрын үй болған» деген белгі жоқ, әрине. Үйдің орнынан сынған кілт таптым. Жүрегім зырқ ете қалды. Және сол кілттің енді ол үйдің есігін, жоқ үйдің жоқ есігін ашпайтыны – ауыр. Сынған кілт енді ешқандай есікті ашпайды. Әсіресе менің балалы­ғымның, бала күнімдегі үйдегі естеліктерімнің есігін.

Әдебиет • 09 Маусым, 2020

Айна (үштаған)

Овидий айнасы Символ – эстетикалық идея. Кант осылай депті. Символ-образ – әдеби сананың арғы тегі. Оның анасы – мифтік сана. Әде­би шығарманың классикаға, өнер туын­дысының шедеврге айналуы­ның негізінде де осылар тұр.

Әдебиет • 05 Маусым, 2020

Портрет (Үштаған)

Гоголь портреті Айтыла берген сөз де ақжемденеді. Әрі-беріден соң ығыр қылады. Бұл портрет жайлы сан мың сөз ай­тыл­­ған. Сондықтан Гогольдің «Порт­ре­тіндегі» жайма базардан, жарқын дауыстардан, жас жігіттің жадағай тұр­мысынан, тіпті портреттің өзі­нен, ондағы әлгі жан шошытар көз­ден, жасырын қалаулардан, алтын мәнеттің сыңғырынан, өң мен түстен, бәр-бәрінің жанынан жанай өтіп, бір­ден жалдамалы пәтерде Лизаның порт­ретін салып отырған жас жігіттің үстінен түсейік. Бұл повестегі бізге мысал болар образ да осы. Бұл біздің көруіміз.

Әдебиет • 02 Маусым, 2020

Үңгір (үштаған)

Платон үңгірі Кейде самаладай жар­қыраған сансыз жұлдыздарға таңдана қарап қаламыз. Алғаш рет аспанға қа­ра­­ғандай. Осын­ша сұлу­лықты тұң­­­­­ғыш көр­ген­дей. Кей­де су бетінде жылт-жылт етіп ойнаған сәу­ле­лер­­ге тамсана көз саламыз. Жел бесігінде тербеліп, құл­пыра ойнаған қызыл гүл­дердің көздің жауын алған әсемдігіне, ақ көбелектердің мерекесіне мейірің қанбай қарап тұрасың. Бұрын осының бәрін неге көрмегенмін, жарық дүниенің сонша ғаламатын қалай сезінбегенмін дегендей боласың. Әр көрген сайын алғаш көргендей іңкәр болу, ынтығу қандай ғажап! Осының бәрі – жаңа әрі көне дүние. Әр қараған сайын жаңалығын көреміз бе, ескілігін ғана аң­ғарамыз ба?

Әдебиет • 31 Мамыр, 2020

Құрдым (төрттаған)

Ницше құрдымы Шығыста бір тәмсіл бар. Ұстазға бір адам келіп қалай данышпан болуға болатынын сұрайды. Яғни, данышпан болудың жолын сұрайды. Сананың осы бір күйіне сапар кешпей соқпақ салғысы келген жанға таңданған ұстаз оның қолына қара тас береді. Қара тасқа үш жыл бойы қараса данышпан болатынын айтады.

Әдебиет • 26 Мамыр, 2020

Күлкі (триптих)

Гомер күлкісі Үлкен әдебиеттің қуанышы да, қайғысы да үлкен болады. Ұлы шығармалар уағында ұлықталады. Ұсақтық мансұқталады. Адамдар емес, идеялар майдандасады. Адамдар емес, ағымдар бірігеді. Ал жеңіске әдебиет жетеді. Көзқарастар күшеншектіктен тумайды. Пікірлер пайдакүнем емес.