Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021
Кітап оқитын, жазу-сызумен айналысатын кез келген адамның басында қарға туралы біраз мәлімет бар. Ал дәл сол қарғаға қатысты ондаған мақал-мәтелді қарға тамырлы қазақтың көбі білетініне күмәніміз жоқ.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2021
Түп-тамыры сонау сақ дәуірінің мұрасы саналатын «Алып Ер Тоңға», «Ергеноқон», «Шу батыр», «Атилла» дастандарына тірелетін қазақ әдебиеті әлемдегі бай әдебиеттердің қатарында. Одан бергі Түркі қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы, ХVІІІ-ХХ ғасырлар, кеңес дәуірі, тәуелсіздік кезеңінде дүниеге келген шығармалардың халқымыздың рухани қазына-қорын түрлі-түрлі асыл мұралармен байытқанын шамалай беруге болады.
Әдебиет • 07 Қаңтар, 2021
Сауатты зерттеулер жаңаша пайымдауларға жол ашады
Жаңа кірген жыл қазақ руханиятында ерекше орны бар, көзі тірісінде-ақ жыр алыбы атанған ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаев жылы аталды. Соған орай жыр алыбының 175 жылдығы республикалық деңгейде түрлі іс-шаралармен аталып өтетіні анық. Оның ішінде әрине, Жамбыл шығармаларының толық жинағы, оған қатысты ғылыми зерттеулердің бірқатары қайта басып шығарылатыны белгілі.
Өнер • 16 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры «Тәуелсіздік – тірегім» концерттік бағдарламасы аясында «Тұйғындар» атты хореографиялық қойылымын сахнаға шығарды.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2020
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары және «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында «Отандық тарих ғылымындағы тұлға: жаңа зерттеулер мен ұстанымдар» тақырыбында кезекті VIII отырысын өткізді.
Кино • 04 Желтоқсан, 2020
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі екінші питчингтің қорытындысы бойынша өндіріске жолдама алған коммерциялық фильмдермен таныстырды.
Абай • 26 Қараша, 2020
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Эгей университетінде (Измир,Түркия) қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн конференция өз жұмысын бастады.
Әдебиет • 24 Қараша, 2020
Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қарапайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.
Кино • 20 Қараша, 2020
Күні кеше Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жылды қорытындылап, екінші питчинг нәтижесі бойынша киноөндіріске жол тартқан жобалар жайлы хабарлады.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде төрт мың жылдан бері тұрақты тұрып жатыр. Мұның физикалық антропологияға негізделген нақты ғылыми тұжырымдардың негізінде ғылыми тұрғыдан толық дәлелденгені қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабында баяндалады. Бұл еңбекте тұңғыш рет қазақ халқының көпсалалы, кешенді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктері ауқымды деңгейде зерттелген.