Сайлау • 05 Қараша, 2023
102 жастағы майдангер дауыс берді
Қанатқақты жоба ретінде биыл алғаш рет енгізіліп отырған әкімдер сайлауы аясында Сыр өңіріндегі Шиелі және Сырдария аудандары тұрғындары ел басқаратын азаматты таңдап, дауыс берді. Әкім атанудан үміткер 6 азаматтың екеуі саяси партия атынан түссе, 4-еуі өзін-өзі ұсынған.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Кейінгі апталарда Қызылорда облысында сұйытылған газ тапшылығы қатты байқалып отыр. Газ құю стансаларында кезекке тұрған көліктер көбейіп, газ баллондарын іздегендер қатары арта түсті.
Ауыл • 24 Қазан, 2023
Шиелі кентінің іргесінде Нартай Бекежанов атын иеленген ауыл бар. Биыл іргесі қаланғанына 95 жыл толған мекеннен ел қиындық тартқан кешегі тоқсаныншы жылдары үдере көшкендер болмапты. Ауыл құрылғалы бері елге нәсіп болған егістік аясы тарылса да, сол кезеңде күрежол бойындағы байырғы жұрттың бірлігі мысқалдай да кемімеген екен. Бұл табысын елге ортақ қылған азаматтардың да арқасы еді.
Шаруашылық • 17 Қазан, 2023
Балықты аулай да, қорғай да білейік
Сыр өңірінде күздегі егін орағымен қабаттаса, елеусіздеу өтіп кететін бір науқан бар. Суы тартылған күріш атызында қалып қойған балықтарды құтқару шараларына жауаптылардың есебінше жылда миллиондаған шабақ су айдындарына жіберіледі. Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының мәліметінше былтыр инспекция, қала мен аудан әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК облыстық филиалы мамандары бірлесіп, 8 миллионнан астам шабақты құтқарып қалған. Биылғы меже де аз емес – 7 млн шабақ.
Ауыл • 15 Қазан, 2023
Биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Қазалы ауданында 3 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Соның бірі аудан орталығына жақын Абай ауылында бой көтеріп келеді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: Қор да, баға да бақылауда
Қызылордада күзгі жиын-терінмен қатар алдағы жылу беру маусымына да дайындық жүріп жатыр. Мамандар есебінше, алдағы қысқа 238 мың тонна көмір қажет, бүгінде осының біраз бөлігі жеткізілді. Тоннасы 16-21 мың теңге аралығында сатылады. Жалпы, облыс бойынша 41 өңірлік оператор және 11 көмір қоймасы бар.
Жануарлар • 11 Қазан, 2023
Барсакелмес табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік және мәдени мұрасы мәртебесін иеленді. Табиғи қорықтың «Барсакелмес», «Қасқақұлан» және «Дельта» учаскелерінде болып, олардың ерекшеліктерімен танысқан Халықаралық табиғат қорғау одағы сарапшыларының сапарынан кейін биосфералық резерватты дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылданыпты.
Аймақтар • 10 Қазан, 2023
Жыл басынан бері Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 46 қылмыстың беті ашылды.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2023
Сыр бойында егін науқаны аяқталуға жақын қалды. Бүгінге дейін егілген 89 мың гектар күріштің 63 мың гектары орылып, оның 53,4 мың гектары бастырылды. Осы күнге дейін 285,3 мың тонна Сыр маржаны жиналды. Гектарына орташа 53,4 центнерден келіп отыр. Маңызды науқан ұзағанда апта көлемінде аяқталып қалады.
Тағзым • 09 Қазан, 2023
Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті. Айдынды Арал жағалауында өмірге келген ақын рухына арналған іс-шара Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханадағы «Күнге қарай жүремін...» атты поэзия кешінен бастау алды. Кітапханада «Теңіз тудырған талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастар өлең оқыды. Әншілер ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады.