Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Сайлау науқандарында жастарға қарағанда алдыңғы толқын өкілдері белсенді екенін жұрттың бәрі біледі. Кешегі дауыс беруде ғасыр ғұмыр иесі сырдариялық майдангер Яхия Тасыров сайлау учаскесіне алғашқылар қатарында келіп, дауыс берді.
Өнер • 20 Наурыз, 2023
Биыл артына баға жетпес мол рухани қазына қалдырған Сырдың даңқты шайыры Омар Шораяқұлының туғанына 145 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылордада аймақтың жас термешілері жыр додасына түсті.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қызылорда облысында 486 мыңнан астам сайлаушы бар
Қызылордада сайлау науқанының барысы туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қазалы қаласында тұратын үшемдер Дариға, Әлия, Динара Шәкірлер саяси науқанда сайлау учаскесіне алғашқылар қатарында келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қызылордалық қыз Кореяда дауыс берді
Елдің ертеңін айқындайтын науқаннан жастар да сырт қалып жатқан жоқ. Учаскелерге дауыс беруге барғандар қатарында кейінгі толқынның өкілдері көптеп көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 15 Наурыз, 2023
Көгілдір отын – көптің игілігі
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңына қарай Қызылорда да мұнайлы аймақтар қатарына қосылды. Бірақ Құмкөл мұнайы ел қажетіне жараған кезеңнен кешегі екі мыңыншы жылдардың ортасына дейін жер қойнауынан «қара алтынмен» қабат шығатын ілеспе газ кеніш басында алау болып жанып тұратын. Оны ел игілігіне жаратудың реті 2005 жылы ғана түсті. Осы өткен желтоқсан айында Қызылорданың Мерей шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге табиғи газ алғаш рет жетіп, аз уақыт ішінде облыс орталығы толық қамтылды.
Төтенше жағдай • 10 Наурыз, 2023
Дария деңгейі: Үрейден гөрі үміт басым
Қызылордалықтар «дария тасыпты» дегенді естімегелі 4-5 жылдың жүзі болды-ау. Осыдан да бар тіршілігі Сырдарияға байланған аграрлы аймақта су тапшылығы байқалып, несібесін жерден терген егінші елдің көңілі пәс болатын. Бұрынғыдай мол су түспегесін Кіші Аралдың да ауқымы кішірейіп, жұрт көкейінде «алып айдынның ертеңі қалай болады?» деген күдіктің қоюлана бастағаны да байқалатын еді. Бірақ биыл жоғарыдағы Шардара су қоймасы толып, арнаға жіберілетін су күрт молайды.
Өнер • 09 Наурыз, 2023
Күріш қауызынан жасалған көрпеше
Сыр бойындағы алқаптарда әр күзде жүздеген тонна күріш қауызы өртеледі. Сондай сәттерде экологиясы онсыз да нашар аймақты көк түтін басып кеткендей көрінетіні бар. Қоршаған орта мен адам саулығына зиян болғанымен де қалдықтан құтылудың басқа жолы әлі табылмай келеді.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2023
Осыдан біраз бұрын Қазалы ауданындағы Үрмәш Түктібаев ауылының тұрғыны Перуза Бекеннің баспанасы аяқ астынан отқа оранып, бір үйлі жан далада қалған болатын. Ауылдастары қыстың көзі қырауда үйсіз қалғандардың жанынан табылып, көмегін аямады. Олардың қиналған жанға көмек көрсету жайындағы көпшілікке үндеуін көршілес Бекарыстан би және Майдакөл ауылдарының тұрғындары да қолдап, үлестерін қосты. Аз уақыт ішінде баспанаға қажетті қаржы жиналып, жақында Перуза Бекенге үйдің кілті табысталды.
Халық • 06 Наурыз, 2023
Қызылордада қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әжелер ансамбльдерінің облыстық фестивалі өтті. Қазақтың тұрмыс-салт жырларын, халық әндерін орындау арқылы тәрбие мен отбасы құндылығын насихаттауды көздеген «Ұлағатты әже» фестивалінде қала әкімі Асылбек Шәменов облыстың әр түкпірінен келген өнер ұжымдарына ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.