Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1687 материал табылды

Аймақтар • 15 Наурыз, 2022

Ортақ үйдің тірлігі ойласқанда бітеді

Қай шаһардың да тіршілігі туралы сөз қозғала қалғанда «Қала – ортақ үйіміз» деген ұранның айналасында ғана қалып қоятынымыз бар. Кейде әйгілі әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарынан» мысал келтіре қоямыз. Бірақ осыдан мың-сан шаруасы түгесілмейтін қала тіршілігіне сеп бар ма? Жалпы облыс орталықтары қалай тіршілік етіп жатыр? Моноқалалар жағдайын жиі айтамыз, ал облыс орталықтарының ахуалы қалай? Мысалы, Қызылорда қаласында көп мәселе Қоғамдық кеңестер арқылы шешімін тауып, оң бастамалар жүзеге асып жатыр.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Назым сөздің ширатқан шын жібегін

Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай жырау шығармаларын насихаттау мақсатында «Тұрмағамбет жырлары – жаңа ғасыр көгінде» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды.

Экология • 10 Наурыз, 2022

Былтырғы сын сабақ болды

Өткен жылы еліміздің барлық аумағында қуаңшылық байқалып, мал мен жан біраз қиындық көрді. Әсіресе, қыста қар, көктемде жаңбыр тамбаған Арал өңірінде жағдай ауыр болғанын білеміз. Күн жылына көтерем малдың алды қорадан шыға алмай қалды, қаталаған түлік тартылған көл жағасындағы ұйыққа батты. Бір­ді-екілі малы өле бастағаннан-ақ қарап отырмай қарекетке көшкендер қалға­нын көршілес өңірлердегі жайылымдарға жеткізді. Ауданда төтенше жағдай жария­ланғаннан кейін мамандар 600-ге жуық малдың шығын болғанын айтып жатты.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2022

Қызылордада азық-түлік неге қымбат?

Бұл өзі дүркін-дүркін көтеріліп жүрген ділгір мәселе еді. Әсіресе соңғы уақытта базарлар мен сауда орындары сөресіндегі азық-түліктің қай түрінің де құны көтеріліп, баға шіркін жалына қол тигізбей аспандап-ақ тұр. Көпшілік кешегі қаңтардан кейін газ бен жанар-жағармай бағасының тұрақталғаны базар нарқына да әсер етеді деп күткен. Бірақ үміт ақталмады, керісінше кейбір тауарлардың бағасы еселене түсті.

Экология • 24 Ақпан, 2022

Балық неден қырылды?

Жуырда Арал ауданындағы Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдыны аумағындағы Сағынбай каналында балық шабақтарының қырылу фактісі белгілі болды. Осыған байланысты БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізген мамандар бұл оттегінің аздығынан болған деген болжам айтып отыр.

Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

Қаратау баурайында қыран қалқып...

Жоғалып кете жаздап барып қай­та жанданған құндылықтың бірі – саят­шы­лық. Бабадан қалған мұраны зерттеп жүргендер осыдан 40 жыл бұрын елімізде құс салатын оншақты-ақ адам қалғанын айтады. Ал қазір 200-ге жуық құсбегі бар. Тағы бір айта кетерлігі, бұрынғылар бүркітті ғана баулыған болса, қазіргі жастар арасында қаршыға, ителгі, лашын, бидайық сияқты құстарды қолына қондырғандар көбейген.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Мақсат – сайлауға сенім арттыру

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Орталық сайлау ко­мис­сиясының басшысы Нұрлан Әбдіров Сырдария ауданы­ның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайлан­ған әкімдермен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

Университет командасы жеңімпаз атанды

Қызылордада Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Н.И.Шиндинді еске алуға арналған республикалық волейбол тур­ни­рінің жеңімпаздары анықталды.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

Ағайынның бірлігі қымбат

Соңғы уақытта облыс диқандары арасында жер телімдеріне қатысты түсінбестік туындап, арты дауға ұласып жатқаны белгілі. Сырдария ауданындағы «Шаған жер» ЖШС-дағы осындай жағдай екі жыл қатарынан созылып келеді. Екі тарап арасындағы мәселелер түйінін тарқату үшін бірнеше рет кездесу өткізіліп, облыс әкімдігі тарапынан тиісті түсіндірмелер де жүргізілген. Дегенмен, тұтанған даудың түтіні әлі басылмай тұр. Науқан қарсаңындағы даудың салқыны ертеңгі егіс барысына да кері әсерін тигізері тағы анық.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

Ел пікірі маңызды

Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында аймаққа сапармен келген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау комиссия­лары мүшелерімен, саяси партиялар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесті.