Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1541 материал табылды

Қоғам • 24 Шілде, 2023

Елімен етене полиция

Қазір полицейлер алдындағы үлкен міндеттің бірі – халық сеніміне ие болып, елмен етене жұмыс істеу. Жұртпен алғаусыз араласқанда ғана азаматтардың сала қызметіне жүгінуі барынша жеңілдейді. Бұл қауіпсіз қоғам қалыптастыра отырып, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алудың басты шарты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімовтің ел алдындағы есебінде осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы айтылды.

Жастар • 20 Шілде, 2023

Жомарт жүректі жастар

Қызылордалық жастар 5 жылда 11 отбасыға баспана сыйлады. Оған қажетті жер телімін жергілікті әкімдік үлестіріп берген. Осылайша, мақсат пен мүддесі бір 150-ге жуық азамат елдің өсіп-өркендеуіне өзінше үлес қосып жатыр.

Қоғам • 19 Шілде, 2023

Үлгілі елді мекендерге техника табысталды

Қызылордада өткен жылы қаланы абаттандыру, елді мекендерді дамыту, ауыл тұрғындарына жайлы орта жасау бағытындағы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жарияланған еді. Тұңғыш өтетін конкурстың талаптары кеңінен таныстырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Үздіктерді азаматтық қоғам өкілдерінен, депутаттардан, журналистер мен экобелсенділерден құрылған тәуелсіз сарапшылық комиссия анықтап, шешім қабылдады. Жуырда қала орталығындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Аймақтар • 14 Шілде, 2023

Кенеден келер қауіп көп

Қызылордадағы өңірлік коммуникациялық орталығында брифинг өтіп, мамандар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытындағы шаралар туралы баяндады.

Мәселе • 10 Шілде, 2023

Кене қаптаған ауылдар кімнен көмек сұрайды?

Жұрт Астана күні мерекесіне дайындыққа кіріскен абыр-сабыр сәтте Шиелі аудандық ауруханасында кене шаққан 51 жастағы тұрғынның қайтыс болғаны жөнінде хабар тарады.

Аймақтар • 10 Шілде, 2023

Жаңа аудан қанат жайып келеді

Қызылорда қаласындағы дарияның сол жағалауынан бой көтерген жаңа аудан тұрғындарының қатары жыл санап көбейіп келеді. Жуырда осы ауданда физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ғимаратының іргетасы қаланды. Құрылысына 8 млрд теңге жұмсалатын білім ордасы келер жылы аяқталып, заманауи жабдықтармен жарақталады.

Өнім • 10 Шілде, 2023

Кәсіпкерлер өнімі

Қызылордада өткен жергілікті тауар­ өндірушілер көрмесіне «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қа­тысушы қыз-келіншектер өнім­дерін қойды. Облыстық кәсіп­керлер палатасы өкілдері осы жоба аясында жұмыс істеп жат­қан 23 кәсіпкер көрмеге биыл алғаш рет қатысып отыр­ған­ын айтады.

Университет • 04 Шілде, 2023

Жасанды интеллект мектебі

Жақында ғана Сырда Сеул ұлттық ғылым және технологиялар уни­верситетінің филиалы ашылатынын хабарлаған едік. Бүгінде СеулТех пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ара­сындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші уни­вер­ситеттік жоба» жүзеге асырыла бастады. Алда жергілікті оқу орда­сында жасанды интеллект мектебі құрылып, мамандар даярланады.

Аймақтар • 30 Маусым, 2023

«Қаржы пирамидасын құрды» деген күдікті қамауға алынды

Қызылорда облысы аумағында Qnet қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 30 Маусым, 2023

«Қазмедиа» командасы – жеңімпаз

Қызылордада қала әкімінің кубогі үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті. Сайыста Астана, Шымкент қалалары, Атырау, Түркістан облыстары мен Қызылорда қаласынан қатысқан 8 команда алаңға шықты.