Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021
Елімізде халықтың баспаналы болуына бағытталған байыпты бастамалар аз емес. Соған қарамастан «өз үйі – өлең төсегіне» қол жеткізе алмай салы суға кетіп, сарсаңға түскен отандастарымыз да баршылық. Ал «үйі жоқтың күйі жоқ» екені бесенеден белгілі дүние емес пе? Биыл осы олқылықтың орны толып, ипотека қарызынан құтыла алмай жүрген қазақстандықтардың қарекетіне қан жүгірді. Бұған ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алуға пайдалану туралы ұсынысы ұтымды серпіліс берді.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021
Ән десе әр кез адамның рухани азығы, жан дүниенің жарық шашқан сәулесі, жүрек қылын шертетін жұмбақ құбылыс деп қарайтынымыз бар. Ол да рас. Алайда әннің тек жан азығы болып қалмай, тәнді сауықтыратын, ол аз десеңіз түрлі дерттен оңалтатын да қасиеті бар болып шықты. Әсіресе, сөйлеу, есту қабілетінде тұтығу, кекештену секілді кемістігі бар жандарды әнмен емдеу әдісі пайда болды. Алыс-жақын, шетелде емес, өз Отанымызда осындай емдеу тәсілін меңгерген маман бар.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Азаттық – атауы алтынмен әдіптелген аяулы ұғым. Еркіндікті елден ерек сүйетін халық үшін одан бағалы құндылық, одан қымбат қазына жоқ. Осыдан тұп-тура 30 жыл бұрын тарлан тарихымыздан тамыр тартқан аға буынның асыл арманы орындалды. Ұлт болып ұйып, жұрт болып етек-жеңімізді жиып жаңа мемлекет құрдық. Ендігі күні көсегеміз көгеріп, көкжиегіміз кеңейіп үш онжылдық дейтін берекелі белестен аттағалы тұрмыз. Түптеп келгенде бостандық дегеніңіз бос сөз емес, бұл – бүтін бір халықтың асқақтаған рухы, қайратымыздың қайнар көзі.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2021
Ulttyq tárbıe – ұлттық идеологияның өзегі
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, армандап өткен ел егемендігінің бүгінгі жарқын бейнесі – елорда. Бас қалада ұлтымыздың ұстынына айналған ұлттық бірегейлігіміз, рухымыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз сабақтастық тауып келеді. Сарыарқа төрінде бой көтерген шырайлы шаһарда қазақ елінің қайсар болмысы мен өр рухы, келіс-келбеті көрініс тапты. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің ең ұлы жетістігі де, баға жетпес байлығы да – осы астана.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2021
Ұлы даланың төрінде қазығы қағылған ел астанасы ұлттық рухтың мәңгілік мәйегі, алтын тамыры іспетті. Тәу етер Тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпағы осы шаһарда арманын аспандатып, талғамын шыңдайды, ойы мен бойын түзейді. Себебі еңселі елорда – Қазақ елінің қаймағы бұзылмаған болмыс-бітімін, асыл қасиетін, кемелдігі мен тереңдігін тербетіп тұрған шырайлы шаһар. «Еділдің бойына ел қондырсам» деп кеткен баһадүр Махамбеттің арманын Елбасы Есілдің бойында орындады. Ел қондырды. Ел сүйсінер еңселі шаһар тұрғызды.
Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2021
Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов: Елдікті еңселі етуде Елбасының еңбегі ерен
Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де биыл ордалы 30 жыл толып отыр. Егемен еліміздің осынау үш онжылдықта жүріп өткен жолы мен жылдар жылнамасына үңілген сайын азаттық алған сәттің тұма бастауында тұрған тау тұлғаларды көретініміз анық. Бұл ретте, біз әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарған ардақты азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2021
Ерекше жандарға қамқор айрықша шаһар
Елбасының ерекше туындысы саналатын бүгінгі елорда саламатты ұлт қалыптастырудың соны соқпағына түсті. Әсіресе ерекше жандардың ем-домына, оларды оңалту жұмысына баса мән беріліп келеді. Мүмкіндігі шектеулінің мүмкіндігін шектемейтін шаһардағы басты мақсат – қоғамның қамқорлығы мен жан жылуын тарата білу болып отыр. Есесіне, айрықша қамқорлықты қажет ететін қала тұрғындары шарапаты мол істің шапағатын сезінеді.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021
Агроөнеркәсіп кешені алға басып келеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде 11 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.
Елорда • 06 Желтоқсан, 2021
Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында биылғы 10 айдағы бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.
Театр • 02 Желтоқсан, 2021
Еуразия жүрегінде еңсе тіктеген елорда азаттықты аңсап өткен ата-бабаларымыздың асыл арманын ақиқатқа айналдырған алып шаһар. Бұл қалада Қазақ елінің қайсар қасиеті мен мәңгілік мәдениеті, өзгеге бергісіз өзіндік өркениеті ұштасып жатыр. Ғұндардың астанасы болған байырғы Бозоқ пен бүгінгі Нұр-Сұлтанның арасында салқар сабақтастық, балталаса бұзылмайтын байланыс бар. Ұлы даланың жүрегі болып дүрсілдеп, байтақ елдің тамырына қан жүгірткен бас шаһар сәулелі өнердің сәукелесіне айналды.