Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Жемқорды отанын сатқан опасызбен теңестіру керек

Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында осылай деді.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Қазақстанның тағы бір қаласына блокпосттар қойылады

Қараша кіргелі Қостанай облысында эпидемиялық ахуал ушығып, коронавируспен ауырған науқастардың саны күн санап өсіп барады. Індеп етек алып бара жатқан індеттің бетін қайтару мақсатында облыстық жедел штаб 9-қарашадан бастап карантин шараларын 2 апта мерзімге қатайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 05 Қараша, 2020

Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды

Қостанай қаласының орталығында, Ы.Алтынсарин мен Л.Толстой көшелерінің қилысындағы ашық алаңда ұлы ағар­тушы Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды. Ұлы ұстаздың 180 жылдығы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ашылу сал­танатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ыбырайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары мен ардагер ұстаздар қатысты.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Қостанай облысында карантин талабы қатая түсті

Қостанай облысында кітапхана, музей, галереяларға, сондай-ақ, өнерсүйер қауым көп жиналатын көрмелерге 65 жастан асқан адамдардың бас сұғуына тыйым салынды. Мәдени нысандарға келушілердің саны 30 адамнан аспауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 04 Қараша, 2020

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды

ERG құрамындағы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен акционерлік қоғамның президенті қызметіне Валерий Иванович Гриненко тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Толғауы тоқсан тоғызыншы үй

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген кейбір тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Мысалы, «Аэропорт» шағын ауданындағы Герасимов көшесінде орналасқан 9-үйдің жертөлесін су басып, жоғары қабаттағы пәтерлердің жел беттегі қабырға жабындыларының түйіскен тұсы мен терезелердің асты-үстінен жаңбыр суы ағып жатыр. Тоғыз қабатты жаңа үйге былтыр желтоқсан айында қоныстанған тұрғындар әлі күнге дейін пәтерлеріне лифтісіз көтеріліп жүр.

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Қостанайдағы тергеу мекемесі тегін нан таратады

Қостанайдағы тергеу мекемесінің қызметкерлері өз қалталарынан ақша шығарып, мекеме маңындағы дүкеннің бір сөресін жұма сайын нан, қант, алма сияқты азық-түлікке толтырып қояды. Полицейлер тұрмысы төмен отбасылар үшін "Наурыз" дүкеніне 50, көкөніс сататын шағын дүкенге 25 бөлке нан әкеп қояды. Тергеу изоляторы қызметкерлерінің игі бастамасына  мекемеге көрші тұрғындар да дән риза, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Ауыл – ел бесігі: Тұрмыс сапасы жақсарып келеді

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталған екі жылға жуық уақыт ішінде Қостанай облысында 258 елді мекенде аурухана, мектеп, балабақшалар жөндеуден өтіп, жүздеген көше бүтінделді. Былтырдың өзінде Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдарында жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 72 жоба жүзеге асты. Ауылды дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың ауқымы биыл едәуір кеңейе түскен.

Медицина • 03 Қараша, 2020

Инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

Қостанайда Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар қазір науқастарды қабылдай бастады.

Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Көшеде кісі өмірін сақтап қалды

Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов көшеде денсаулығы күрт нашарлап, құлап қалған қала тұрғынына алғашқы меди­циналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.