Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Медицина • 17 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қостанай облысының 15 медицина қызметкері ордендермен, медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Тағайындау • 17 Тамыз, 2020

Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімдігі баспасөз орталығының мәлімдеуінше,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Ахметов Сейілжан Әділханұлы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қоғам • 17 Тамыз, 2020

Қымыз өндірісі қолдау күтеді

Қостанай облысының мал шаруашылығына қолайлы оңтүстік аудандарында жыл өткен сайын бие байлап, күбі ыстап, атакәсіп – қымыз өндірісін қолға алып жатқандар көбейіп келеді. Мысалы, Амангелді ауданына қарасты Құмкешу ауылдық округінде 94 үй түтін түтетіп отыр. 400-ге жуық тұрғыны бар елді мекенде осыдан 4 жыл бұрын 2 үй ғана бие байлайтын. Биыл 15 шақты үй қазақтың көне­ден жеткен шағын қымыз зауыты – қара күбіні күмпілдете пісіп, қырық түрлі дертке дауа шипалы сусынды сапырып сатып, табыс көзіне айналдырып отыр.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Қостанайда Шәмші шығармашылығына арналған онлайн-концерт өтті

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай, бүгін Қостанай облысының мәдениет басқармасы аймақ тұрғындарына бірнеше онлайн-жоба тарту етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қостанайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының праймеризге дайындығы пысықталды

Бірер күнен соң «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдарында партияішілік іріктеу басталады. Осыған орай, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев  партия активімен онлайн-жиын өткізді. 

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Биыл қостанайлық еріктілердің көмегімен із-түзсіз кеткен 30 адам табылды

Қостанайлық еріктілерден құралған «Дос» іздеу жасағы қоғамдық тәртіпті сақтауға және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіруге белсенді атсалысып келеді. Полиция департаменті таяуда оларды ақшалай сыйақымен марапаттаған еді. Еріктілер ол қаржыға көктен бақылау жүргізетін арнайы құрылғы сатып алды.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Рудныйда 400 келіден астам есірткі жойылды

Рудный қаласының полицейлері «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының» кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашиш өртеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде мұншалықты ірі көлемдегі есірткі заттары бірінші рет тәркіленіп отыр екен.  

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

Мәслихат мінберінде облыстың соңғы 7 ай ішіндегі даму қарқыны жөнінде баяндаған Архимед Мұхамбетов індетке байланысты жарияланған шектеу шараларының кедергі келтіргеніне қарамастан, аймақ экономикасында ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Лисаковта "Desht Tho" онлайн-фестивалі өтті

Тур Хейердал атындағы үшінші "Desht Thor" халықаралық фестивалі алғаш рет оффлайн және desht-thor.webtraining.education сайты арқылы онлайн түрде өтті,  деп хабарлайды Egemen.kz

Білім • 13 Тамыз, 2020

Үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді. Әкімнің айтуынша, биыл Қостанай облысында орта білім беру елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты бірнеше бағытта ұйымдастырылатын болады.