Қоғам • 16 Қазан, 2020
Қостанай облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды. Екі күннен бері облыс аумағында 22 мобильді топ рейд шараларын өткізуде. Әр мобильді жасақтың құрамында табиғат қорғау полицейлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, орман шаруашылығы және басқа да мүдделі қызметтердің мамандары бар.
Ауыл • 16 Қазан, 2020
Қостанай облысының мәслихат депутаттары мал ұстауға қатысты жаңа ереже қабылдады. Енді қараусыз жайылып жүрген жануардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайтын болады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2020
Толғақ қысқан әйел ауруханаға автопатрульмен жетті
Полицияның арнайы автопатруль жасағына күнделікті тұрмыс-тіршілік барысында кейде жедел жәрдем көлігінің қызметін атқаруға да тура келіп жатады. Таяуда Тобыл қаласының полицейлері дәл осындай жайтқа тап болды.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
Жаңа үйге көшкен жұрт жабырқау
Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында былтыр пайдалануға берілген бес қабатты тұрғын үйдің терезелері өзінен-өзі шытынап сынып, сылағы түсіп, қабырғасы ашылып, құбыры жарылып, шатырындағы ауа шығатын мұржалары желге ұшып кетіп жатыр. Жаңа үйге қоныстанғанына бір жыл толмаған көпшілік көмек сұрап қалалық әкімдікке де, үйді тұрғызған «Сыл» серіктестігіне де, пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативіне де шағым түсірген. Алайда тұрғындардың жанайқайына ешкім құлақ асар емес.
Саясат • 15 Қазан, 2020
Сайлауалды бағдарламаның жобасы талқыланды
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанай облысына барды. Жұмыс сапары барысында Б.Байбек аймақтағы қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, Nur Otan партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
Төртінші сынып оқитын қостанайлық Шыңғыс Ағыбаев есту қабілеті зақымданған балалар арасында өткен халықаралық музыкалық онлайн-фестивальдың жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 14 Қазан, 2020
Қостанай қаласының 5106 тұрғыны “BIRGEMIZ” қорынан көмек алды
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлем ұйымдастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл мақсатқа «Birgemiz» қорынан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы қаржылай көмекке жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қазан, 2020
Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанайда жүр
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Сапар барысында ол қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Құс фабрикасына қолдау көрсетіледі
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық өңіріне барды. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында құс тұмауынан карантинге жабылып, өндірісі тұралап қалған «Агроинтерптица» серіктестігінде болып, кәсіпорында жүргізіліп жатқан санитарлық шаралардың барысымен танысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 13 Қазан, 2020
Бестамақта жазылған беймәлім мақала (Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды)
Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл мақаласында сол кездегі Ақтөбе уезіне қарасты Бестамақ болысында шешек індетіне қарсы екпе жасайтын фельдшерлік мекемелердің пайда бола бастауын қуана құптап, қазақтың сауатты әрі тиімді дәрігерлік көмекке көптен мұқтаж екенін тілге тиек етеді.