Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Қостанай облысында карантин режімі қайта күшейді

Бүгін коронавирус індетіне қарсы өңірлік жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері аймақтағы эпидемиологиялық аһуалдың асқынып бара жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Қостанайда 122 ерікті Елбасының Алғыс хатын алды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай кезінде "Biz Birgemiz" республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға белсенді көмек көрсеткен еріктілерді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен  өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар  облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде  313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.

Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Қостанай облысында 105 көшенің атауы өзгерген

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова аймақтың ономастика саласындағы оңтайлы өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Маусым, 2020

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді

Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.

Экономика • 16 Маусым, 2020

Аймақтағы «ақылды» кеніш

«Соколов-Сарыбай тау-кен ба­йыту өндірістік бірлестігі» биыл бірінші тоқсанда үш миллион тоннадан астам өнім шығарды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, кен алыбы өнім көлемін 24%-ға еселеген. Қазір темір рудасының негізгі көзі саналатын «Қашар» кенішіне «Ақылды кеніш» технологиясын енгізу арқылы өндіріс қуатын арттыра түскен бірлестіктің өндірістік шығыны кеміп, өнімнің көлемі мен сапасы артып отыр.

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Қостанайда Абай әндеріне арналған онлайн-концерт өтті

Қостанайдағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары жазғы демалыс күндері мектептен тыс концерттер ұйымдастыруды бірталай жылдан бері дәстүрге айналдырған. Әдетте, мұндай шараларды тамашалауға негізінен мектеп жанынан ашылған  лагерлер мен балалар клубына қатысатын балғындар баратын. Ұйымдастырушылар биыл дәстүрлі концертті онлайн түрде өткізуді жөн көріпті. Басты тақырып – Абай әндері, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Қостанай облысында зейнеткерлерді алдап ақша тауып келген алаяқтар ұсталды

Рудный қаласында  ақпан айынан бері 10 шақты зейнеткерді алдап, заңсыз пайда тауып келген 4 алаяқ ұсталды. Қарағанды қаласынан келген 1 әйел және 3 ер адамнан тұратын қылмыстық топ қаладағы қарт кісілердің 5 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Тұрғындар полицияға 36 қару тапсырды

Қостанай облысында өткен "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында лицензиялық рұқсат ережесін бұзғаны үшін 45 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Маусымның сегізінде басталған іс-шара қылмыстың алдын алу мақсатында жүріп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады

Биыл аймақта 29 ауылды сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 қалада ескірген су және кәріз құбырлары жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Қостанай су" МКМ-не барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz