Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Шақыртуға шағын топтар шығады

Қостанайда короновирус және пневмония белгілері бар науқастарға дәрігерлік көмек көрсететін қосымша шағын медициналық топтардың жұмысы көпшілік көңілінен шығуда. Әр емхананың жанынан ашылған мұндай мобильді топтар амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға ем шараларын жүргізеді.

Руханият • 23 Шілде, 2020

Троицк мешітінің имамы киіз үйде тұрады

Қазақ руханиятының тарихында өзіндік орны бар Троицк шаһарын жанай ағып өтетін Үй өзенінің сол жақ жағалауындағы боз бетегелі кең алқапта кәдімгі қазақтың ағаш керегелі ақ шаңқан киіз үйі тұр. Ескінің өзіндей, ата-бабаның көзіндей көрінген еңселі ақбоз үй сонау алыстан көз тартып менмұндалайды. Сондықтан алыс-жақынға сапарға шыққан жолаушы бұл үйге қарай еріксіз ат басын бұрып қызықтап келіп, аз-кем аялдап өтеді.

Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Қостанай облысында орман өрті жиілеп кетті

Апшыны қуырған аптап ыстықтың салдарынан аймақ ормандарында  өрт қаупі күшейіп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қара орманның қызыл жалынға орануына табиғи құбылыстармен қатар, орманға шығуға шектеу қойылғанына қарамастан қаланың қапырығынан қашып, табиғат аясын саялаған демалушылар да себеп болуда, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды

Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.

Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды

Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Қостанайға мәскеулік мамандар көмекке келді

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жеке келісімімен Қостанайға Ресей астанасынан 15 дәрігер келді. Олардың ішінде пульмонолог, хирург, анестезиолог-реанимотолог, инфекционист, эпидемиолог, рентгенолог, дәрігер-зертханашылар бар, деп жазады Egemen.kz

Оқиға • 21 Шілде, 2020

Тағы «Байтұрсынов» болып кетті...

А.Байтұрсынов атындағы университет пен Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика университеті қосылып, енді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті деп аталатын болды. Таяуда ғана білім ордасының басшылығы онлайн-брифинг өткізіп, бір жылға созылған бірігудің соңғы нүктесі қойылғанын мәлім етті.

Медицина • 21 Шілде, 2020

Демеу күшейді

Елімізге Үндістан мен Ресейден жеткізіліп жатқан дәрі қорының қомақты үлесі Тобыл өңіріне де жетті. Осыдан кейін аймақта дәріхана қоймаларын қажетті дәрі-дәрмекке толтыру мәселесі де реттеле бастады.

Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Қостанайдағы 9 дәріханаға 3 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен прокуратура мамандары 70 шақты дәріханаға тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 20 Шілде, 2020

Қолы алтын дәрігер

Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасында бұған дейін жүйке жүйесі дертіне ешбір операция жасалмайтын. Мұндай дертке душар болған балалар әдетте жолдамамен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарға жіберілетін. Ата-аналар тіпті шекара асып, Челябі, Екатеринбург қалаларына барып, балаларына ота жасатып қайтатын. Өйткені мұндай күрделі отаға қолы баратын дәрігер маман болмады.