Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1750 материал табылды

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қостанай: Жедел жәрдем орталығына қауіпсіздік дәлізі орнатылды

Қостанайдағы жедел жәрдем қызметі ғимаратының кіріберісіне  дезинфекциялық тоннель орнатылды.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Карантин талаптары едәуір жеңілдеді

Бұл туралы өңір тұрғындарына облыс әкімі өзінің инстаграмм парақшасы арқылы хабарлады. Аймақта  3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталмағанын атап өткен Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарына  өңірде қабылданған қатаң шектеулерге түсіністікпен қарап,  жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қостанайда әскери міндеттілердің сапқа тұру рәсімі өтеді

«Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери міндеттілердің қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау бойынша медициналық тексері өткізді. Сондай-ақ, әскери қызметке шақырту алғандарда коронавирустық инфекцияның бар-жоғын тестілеу ұйымдастырды.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Алдағы жылу маусымында Арқалыққа 48 мың тонна көмір жеткізіледі

Облыс әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте аймақ басшысы  Архимед Мұхамбетов биылғы жылу маусымын қорытындылап, Арқалық қаласын жылумен қамтуды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қостанай: Үй карантинінде отырғандар мобильдік қосымша арқылы бақыланады

Үйінде оқшауланған осыншама тұрғынды үнемі бақылауда ұстау оңай шаруа емес. Дегенмен «SMART Qostanay» мамандары бұл мәселенің оңтайлы шешімін тапқан сыңайлы.

Таным • 27 Сәуір, 2020

Айрауық

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Айрауық деген ауыл болған. Қазір картада жоқ. Қазақы қараша ауылды тың игерген жылдары заман соқасы топырағымен қопарып алып, тарихтың терең қатпарына тығып жіберген. Бүгінде бірен-саран ескі көз қариялардың есінде қалмаса, жалпы жұрттың жадында жоқ. – Айрауық, – десең, – А? – дейді. Қазақтың көрнекті ақыны, аудар­машы, Жамбылдың жырын хатқа түсірген Қасым Тоғызақов осы Айрауықтың төл перзенті. Қасымның тағдыры да Айрауық секілді. Тірлігінде тауқымет азабын көп тартты. Бірнеше рет Сібірге айдалды. Өмірден үлкен қасірет арқалап өтті. Өлген соң есімі атау­сыз қалып, шығармалары оқылмай қалды. Биыл күзде Қасым Тоғызақовтың туғанына 110 жыл толады. Көрнекті қаламгердің мерейтойына орай, ең құрығанда аймақтық деңгейде ғылыми конференция ұйымдастырып, қазіргі Ломоносов ауылдық округін Айрауық деп ауыстырып, елді мекеннің тарихи атауын қайта тірілткен жөн. Облыс орталығынан Қасымға көше берілсе де артық емес. Былтыр Қостанайға келген сапарында алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «Бұл қалада қолында Алаш арыстарының қаны бар Дзержинский көшесі әлі тұр екен» деп қатты қынжылған еді. Біздіңше, ақынға осы көше лайық. Аруақ разы болмай, тірі байы­майды.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Қостанайда әскери міндеттілердің арнайы жиыны басталды

Қостанай облысының әкімінің «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы қаулысына орай, Қостанайда әскери міндетті 50 азамат 27 сәуірден 15 мамырға дейін залалсыздандыру шараларын жүзеге асыру үшін арнайы әскери жиынға шақыртылды, - деп хабарлады қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Kоммуналдық қызмет шығындарына жәрдемақы төленеді

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, коммуналдық шығындарды өтеу карантин енгізілген елді мекендерде республикалық бюджет қаражаты есебінен сәуір және мамыр айларында жүзеге асырылады. 

Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Арқалық: Қазаның себебін комиссия анықтайды

Кеше Арқалық қаласында 84 жастағы әжей көз жұмды. Артынша әлеуметтік желілерде  кейуананың қазасына байланысты сан-саққа жүгірткен әр түрлі әңгіме көбейіп кетті.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: 4 адамнан індет анықталды

Жітіқара қаласында  тағы төрт адамнан індет анықталды.